Жаңалық (мұрағат)

Студенттерге ризашылық!!!

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің шығыстану факультет студенттерi әрқашан келешек жұмыс берушiлерден оң рецензияларды алады. Бұл студенттеріміздің биiк деңгейдегі келешек мамандары екендігін дәлелдейді.


ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

әл-Фараби атындағы КазҰУ-дың Шығыстану факультетінде 2011 жылы 2 желтоқсан күні Факультеттің Ашық Есіктер күніне барлық жоғарғы сынып оқушыларды шақырады.

Сiзарабтану және ирантану, қытайтану, корейтану және жапонтану, түркітану және үндітану кафедралардың оқу барысымен бiздiң факультетімізде таныса аласыз.

Сiздi көруге риза боламыз!!!


*****************************************************************************

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Зерттеу университетіндегі шығыстанудың рөлі мен орны» атты Халықаралық дөңгелек үстел өткізетіндігін хабарлайды.

Қарастырылатын тақырыптар:

- Шығыстану ғылым мен білім ретінде.

- Оқу процессі және шығыстану ғылымының интеграциясы.

- Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен. серіктестік бағыттары мен әдістері.

- ҒЗЖ коммерциализациялау.

Модераторы: Островский А.В., э.ғ.д., профессор,РҒА Қиыр Шығыс Институты Қытайдың экономикалық және әлеуметтік зерттеулер орталығының Директоры (Мәскеу қ., Ресей)

Дөңгелек үстелге қатысушылар:

- шығыстанушы, тарихшы, филолог, философ, саясаттанушы, өнертанушы ғалымдар;

- жас ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар.

Ұйымдастыру комитеті дөңгелек үстелдің мазмұнды материалдарын жарыққа шығару мүмкіндігін қарастырады.

Өткізілетін орын: Алматы қ., Амангелді к-сі, 61-А. Шығыстану факультеті. Әл-Фараби атындағы конференц-залы.

Өткізу күні және уақыты: 30-қараша 2011 ж. Сағ. 14.00

Байланыс телефоны: 267-41-67 (126), 267-46-49

****************************************************************************

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

2011 жылдың 24 қарашасында ШЫҒЫСТАНУ факультеті «Шығыс мәдениеті» атты фестиваль өткізеді. Бұл мерекелік іс-шара дайындық фаультетінің акт залында өтеді.

Басталуы: 15.00

Келем деушілерге есік ашық!!! Келіңіздер, көріңіздер!!!

*************************

04.11.2011ж. сағат 12.00, 503 ауд.

Шығыстану факультетінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында

«Қазақстан және Шығыс елдері: Ынтымақтастыққа 20 жыл»

атты 1 курс студенттеріне арналған ашық тәрбие сағаты өтеді.

Амангелді көшесі 61 а, Әл-Фараби залы

Корей апталығы

Шығыстану факультетінің корейтану және жапонтану кафедрасында қазанның 24-28 аралығында «Корей апталығы» болып өтті. Корей апталығының ашылуына Корей білім беру орталығының директоры Ли Ген Ро мырза және құрметті ұстаздар Ли Гён Хо, Ким Чжоң Пок қатысты.

Корей апталығы кезінде корей және жапонтану кафедрасында корей тілінне шешендік өнер сайысы өтті. Бұл сайысқа 2, 3, 4 курс студенттері белсенді түрде атсалысты. Шешендік өнер сайысына қатысқан студенттер корей тілінде әртүрлі тақырыпта ой толғады. Мысалы, мемлекеттер достастығы, отбасы, хобби т.б. Сайыстың нәтижесінде 1-ші орынды шетел филологиясы мамандығы бойынша қазақ бөлімінің 2 курс студенті Сүндетова Айнұр «Достық» тақырыбымен жеңіп алды.

Сайысқа Корей елінен келген оқытушылар Чан Бенг Сун, Мионг Сунок, Чжи Сын Хи төрелік етті.

Корей апталығы барысында кафедрамызда өткен тағы бір қызықты сайыстың түрі «Өзіне өзі режиссер» деген атпен өтті. Бұл сайыста кафедрамыздың студенттері бір ай бойына әртүрлі тақырыптарда түсірген киноларын сынға салды. Мысалы, мынадай жанрдағы жобалар көрермен сайысқа қатысты: романтикалық кино, экшен, комедия, трагедия т.б. Бұл сайысқа қатысушылар «Бас жүлде Үздік фильм», «Үздік актер», «үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік киім» номинациясы бойынша марапатталады. «Казкор интертеймент» командасы «Чосоннан келген қыз» атты комедиясымен бас жүлдені жеңіп алды.

Сондай-ақ, Корей апталығың соңғы сайысы қазан айының жиырма жетінші жұлдызында «Ең дәмді кимпап» деген атпен өтті. Кафедра студенттері төрт адамнан құралған топтарға бөлініп, корей ұлттық тағамы «кимпап» жасаудан сайысқа қатысты. Қазылар алқасы сайысқа қатысушы топтардың жасаған кимпабының дәміне ғана мән беріп қоймай, оның сыртқы пішініне де аса назар аударады. Бұл сайыстың нәтижесі бойынша «Ең дәмді ким пап» және «креативті» номинациясы бойынша «Ким гёл» командасы , «Үздік безендіру» және «Команданың ерекше атауы» номинациялары бойынша «WGB» командалары жеңіске жетті. Қалған командалар мақтау грамоталарымен марапатталды.

Соңғы сайыста «Атақ минутасы» аяқтады. Студенттер сайыс барасында ән шырқау және актерліқ қабілеттіктері білдіре білді. Ал, корей апталығының жабылуына Оңтүстік Кореяның Шинхан Банктен келген қонақтар қатысып, жеңімпаздарды марапаттауда белсенділік көрсетті.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қорының шәкіртақы иегері

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті шығыстану факультетінің тарихында бірінші рет араб бөлімінің 4 курс студенті Ирина Давыдова Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті Қорының студенттік шәкіртақыларын алу үшін республикалық байқаудың жеңімпазы болды. Ира бұл жоғары марапатқа лайық. Ол қазақ, араб, ағылшын тілі олимпиадаларынды бірнеше рет жеңімпаз болды, екінші курста оқып жүріп «Брейн-ринг» интеллектуалды сайысында қатысу үшін «Шығыс экспрессі» тобын құрады, студенттік ғылыми жұмыстар байқауының жүлдегері болды, факультеттің және кафедраның әртүрлі мәдениет іс-шараларын ұйымдастыруда белсенді қатысуда. Оның үлкен өмірлік тәжірибесі де бар, ол араб жастарының ат-Тахрир алаңындағы қозғалыстар орын алғанда Каирде болып Мысырдағы тарихи оқиғаларды өз көзімен көрді.

Шәкіртақы бір жылдық мерзімге беріледі, алайда әр семестрдің соңында студент өз жетістіктері туралы есеп беріп тұруы тиіс.

2010 жылдың 9 шілдеден 29 тамыз айы аралығында Қазақ Ұлттық Университеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының оқытушылары Қытай Халық Республикасының Гансу өлкесіндегі Ланжоу университетінде «Біліктілікті арттыру» курсына қатысты.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

2010 жылдың 16 сәуірінде Қазақстандағы Германия жылы аясында Берлиндегі Қазіргі заманғы Шығыс Орталығының ғылыми қызметкері және Қазақстан-Германия қоғамының мүшесі доктор Дина Вильковски “Германиядағы Ислам: өзекті мәселелер” тақырыбында лекция оқиды.

Өткізілетін орын: Амангелді көшесі 61 “А”. Шығыстану факультеті. әл-Фараби атындағы зал (503 ауд.).

Уақыты: 16 сәуір 2010 жыл, сағат: 15.00.

Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясы өкілдерінің қытайтану кафедрасы ұжымымен кездесуі


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, шығыстану факультетінде (Амангелді-61а) 2010 жылдың 18-25 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы залда, 503 ауд., Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясы өкілдерінің қытайтану кафедрасының оқытушылары және студенттерімен кездесуі өтеді.

Келем деушілерге есік ашық!

________________________________________________________________________________________________________

2010 жылы 30 сәуір, сағат 15.00.-де шығыстану факультетінде “Ашық есік күндері” өткізіледі.