Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясы өкілдерінің қытайтану кафедрасы ұжымымен кездесуі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, шығыстану факультетінде (Амангелді-61а) 2010 жылдың 18-25 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы залда, 503 ауд., Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясы өкілдерінің қытайтану кафедрасының оқытушылары және студенттерімен кездесуі өтеді. Келем деушілерге есік ашық!!!

ҚХР-дағы Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясының өкілдері ү.ж.18-25 сәуір аралығында екіжақты ғылыми қатынастарды нығайту мақсатымен Қазақстанға сапармен келісуді жоспарлауда. Аталған делегация сапар барысында зерттеу институттарының, жоғарғы оқу орындарының басшылығымен кездесуге ниет білдірген. Қытай тарапы қазақстан ғалымдарымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының дамуы, ҚР мен ҚХР арасындағы стратегиялық әріптестігі, энергетикалық ынтымақтастығы және т.б. тақырыптарды талқылап, пікір алыспақ.

Делегация құрамы:

1. Юй Цзянхуа

Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясы Еуразия Институтының директоры, ШҚҒА-ның ШЫҰ зерттеу орталығы директорының орынбасары, профессор, ғылым докторы, Орталық Азиядағы геосаяси қауіпсіздік саласының және энергия саласындағы аймақтық ынтымақтастық маманы.

2. Пан Давэй

ШҚҒА-ның Ресейді зерттеу орталығының директоры, профессор, ғылым докторы, Ресей мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыс саласының маманы.

3. Фу Жун

ШҚҒА, Еуразия Институтының доценті, ШҚҒА, Еуразия Институты халықаралық қауіпсіздік бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ШҚҒА-ның Ресейді зерттеу орталығының директорының орынбасары, ғылым докторы, Орталық Азия елдерінің сыртқы саясаты мен дәстүрлі емес қауіпсіздік теориясы саласының маманы.

4. Ли Лифан

ШҚҒА, Еуразия Институтының доценті, магистр, Ресей Федерациясы және ТМД елдері арасындағы энергетикалық кеңістік және ОА елдеріндегі қытай эмигранттарын зерттеу саласының маманы.

5. Чжан Цзянжун

ШҚҒА, Еуразия Институтының доценті, ШҚҒА, Еуразия Институтының Ресей және Орталық Азия бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ШҚҒА-ның Ресейді зерттеу орталығының Бас хатшысы, ШҚҒА-ның ШЫҰ зерттеу орталығының Бас хатшысының орынбасары, ғылым докторы, Ресейдің сыртқы саясаты және ШЫҰ-ның өзге халықаралық ұйымдармен байланысы саласының маманы.