Қытайтану кафедрасы магистранттарының "Шығысқа саяхат" атты коцерті өтті.

2010 жылдың 25-қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і, Шығыстану факультетінің 2-курс магистранттарының ұйымдастыруымен №7 арнайы түзету мектеп-интернатында «Шығысқа саяхат» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының басты мақсаты факультет студенттерін қатыстыра отырып, концерттік негізде оқушыларға шығыс әлемінің елдерімен таныстыру болды. Концерттік бағдарламада қытай, кәріс, түрік, араб билері, үнді, қазақ әндері, парсы өлеңі, қазақ күйі және жапон халқының суши әзірлеу рәсімі көрсетілді.