Қытайтану кафедрасы оқытушыларының Пекин қаласында өткен семинар-тренингке қатысуы

Қытайтану кафедрасының аға оқытушылары Мадиев Д.Ә., Керімбаев Е.Ә., Досымбекова Р.Ө., Анипина А.К., Дәуен Д.Б. 2011 жылдың 17-21 қазан аралығында ҚХР-дың Пекин қаласында өткен «Шетелдік қытай тілі мұғалімдерінің қытай тілі оқулықтарын даярлауға арналған семинарына» қатысты.

Бұл семинарды ҚХР-дың Қытай тілін дүние жүзіне насихаттау, қытай тілінің қолданылу ауқымын кеңейту мәселесімен айналысатын мемлекеттік қытай тілі кеңсесі (Ханьбань), Конфуций институтының бас мекемесі және Пекин педагогикалық университеті ұйымдастырды.

Аталмыш семинарға Орталық Азия мемлекеттерінен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан қытай тілі оқытушылары және оқулық шығаруға қатысты баспа қызметкерлерінен 90-ға жуық адам қатысты.