“Үркер” журналының өкілдерімен кездесу

11 ақпан күні Шығыстану факультетінде « Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ел Президентінің халыққа жолдауы аясында «Үркер» жастардың көркем-мәдени, қоғамдық –саяси журналының бас редакторы, белгілі жазушы Қуандық Түменбай және «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы Салқынбаев Мұхиддин мырзалармен кездесу өтті. Кездесуге факультет ұстаздары және магистранттар мен студенттер қатысты. Кездесу шығармашылық дарыны бар жастардың талантын ашып, ғылыми, публицистикалық мақалаларын баспасөздерде жариялау бағытында өрбіді. Студенттер тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Мәдени ісшара қызықты, әрі тартымды өтті. Талантты студенттер өздерінің өлеңдерін, аудармаларын қонақтарға шашу ретінде оқып берді. Әсіресе, жапон бөлімінің 3-курс студенті Қуанбай Олжас пен араб бөлімінің 3-курс студенті Қожахметова Раушанның өлеңдері әсерлі болды. Кездесуге келген қонақтарға оқытушылар мен студенттер шексіз ризашылықтарын білдіріп, рухани байытатын осындай кездесулердің жиі болғанын қалайтындықтарын жеткізді.