«ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТАРЫНЫҢ ТІЛІ» – «КӨП ҰЛТТЫ ҚАЗАҚСТАН ТІЛДЕРІНІҢ ҚАТАРЫНДАҒЫ КОРЕЙ ТІЛІ»

«ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТАРЫНЫҢ ТІЛІ» – «КӨП ҰЛТТЫ ҚАЗАҚСТАН ТІЛДЕРІНІҢ ҚАТАРЫНДАҒЫ КОРЕЙ ТІЛІ»

2009 жылдың қыркүйек айының 22-жұлдызы сағат 11-де Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультеті, корейтану кафедрасында Қазақстан ұлттар тілдерінің күніне арналған дөңгелек үстел өткізілген еді.

Осыған орай, корейтану кафедрасының студенттері «Қазақ тілі Қазақстанның мемлекеттік тілі» және «Қазақстандағы корей диаспорасының тілі корей тілі» атты тақырыптарға қабырға газетін жасады.

2-4 курстардың студенттері: Сабитова Сәуле, Маметова Амина, Аубакирова Тұрсынай, Жалимбетова Әлия, Хан Юлия тақырыпқа байланысты өздерінің баяндамаларын оқыды. Студенттер мен оқытушылар, әсіресе «Шетел филологиясы» мамандығы 4 курс студентінің баяндамасына ерекше көңіл бөлді. Ол Қазақстан ұлттарының тарихи тілін тарихи оқиғалармен байланыстырып сипаттап берді. Қазақстан корейліктері үшін корей тілінің жоғалып кеткен мәселесі жайлы, Қазақстандағы Корей диаспорасының тарихын бөлек айырып көрсетті. Студенттер пікірталасты қолдап және корей тілінің мемлекеттік тілмен ұқсас екендігін айтты.

Төменгі курстың студенттері де үлкен курстардан қалыспай, тілдің қоғамдағы рөлін, мемлекеттік тіл мәселесін талқылады.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, студенттер тіл туралы өлеңдер оқып, Қазақстан ұлттарының тілінде поэтикалық шығырмалардан үзінділер оқыды.