КОРЕЙТАНУ КАФЕДРАСЫМЕН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

2009 ж 16 желтоқсанда №8 жатақхана студенттері мемлекетіміздің тәуелсіздік күніне арналған мерейтойына шақырылды. Сағат 15-00 де корейтану кафедрасының оқытушыларымен кездесу болатыны жайлы жарияланды.Кездесу орнына келем деушілерге есік ашық болды.Кездесу кешінің басты тақырыбы: шетелд тіл ұстарту тәжірибесінде жүрген студенттер жайлы болды. Дәл осы шығыстану факультетінің студенттерін көбіне шет елде шығыс елдерінде тіл ұстарту тәжірибесінде жүретіні құпия емес.Шетелде тәжірибеде жүру арқылы сол елдің тілімен мәдениетімен жақынырақ танысуға ғажайып мүмкіндік туады. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі және де жауапкершілігі біздің шығыстанушы студенттердің Қазақстанды таныстыратын студенттері болып табылады.Басқа елдің оқытушылары мен студенттері араласу арқылы оларға Қазақстанның керемет мәдениеті жайлы айтып, кей-кездерде көрсетуге мүмкіндік туады. Бұл кезде өзінің елі жайлы білімі терең болуы керек. Осы себептен тәуелсіздігіміздің 18 жылдығына арай корей кафедрасының оқытушылары шетелдегі тіл ұстарту тәжірибесі және де оның мүмкіндіктері жайлы айтты. Корей кафедрасының оқытушылары шетелдегі Хангук,Кангнам, Дэгу университеттері жайлы дүниетанымдық фильмдер көрсетті.Кейіннен «Сіздер біздің Қазақстанды қалай таныстырасыздар» деген ойын ойналды.Студенттер 2 топқа бөлініп, Қазақстанның халқы,территориясы, мәдениеті, салты,жаңа заманғы әуен, өлең киномотограф жайындағы сұрақтар қызықты болды. Студенттердің қызығып кеткендері сонша, соңында Қазақстанның туған күніне арнап өлеңдер айтты.Мейрам жақсы өтті Көп студенттер өздерінің кураторларын жібергілері келмей, кештің соңы бөлмедегі жайылған столмен аяқталды. ТУҒАН КҮНІҢМЕН ТУҒАН ЕЛІМ!