Корейтану кафедрасының мультимедиялық класы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің корейтану кафедрасының мультимедиялық класының ашылуы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінде 2009 жылы 16 қыркүйекте сағат 10-да Халықаралық ынтымақтасудың Корей агентігі қолдауымен КОІСА-ның Тұрақты өкілі Но Хен Джун корейтану кафедрасының мультимедиялық классының ашылу салтанатына келді.

Халықаралық ынтымақтасудың Корей агентігі Қазақстандағы корейтану ғылымының дамуына университетте корейтану кафедрасы ашылған уақыттан бері қолдау көрсетіп келеді. КОІСА-мен ынтымақтасқан уақыттың барлығында кафедраға корей тілі мен арнайы пәндерді оқыту үшін өз ұйымдарының волонтерларын жіберіп тұрды. Сонымен қатар КОІСА қызметінің арқасында шығыстану факультеті корейтану кафедрасы әрдайым техникалық құралдар, оқу материалдарын және анықтамалық әдебиеттерді көмек ретінде алып тұрды.

2009 жылы корейтану кафедрасы КОІСА ұйымынан мултимедиялық классын ашу сияқты кезекті көмегін алды.

Бұл жоба КОІСА волонтерларының 2008 – 2009 жж. жүмыстарының нәтижесінде дайындалған еді. Ха Ренг Хе әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ндегі жұмысын аяқтайды. Гранттың көлемі 17 мың американ доллары. Ол осы жоба дайындау барысы туралы презентациялық материал дайындады, фильмде корейтану кафедрасының оқытушы-профессорлар мен студенттер құрамы өз алғыс сөздерін айтқаны көрсетіледі.

Ашылу салтанатына КОІСА-ның директоры Но Хен Джун мырза, еріктілер координатры Джанг Хен Гю қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универститетінің ректоры Жұмағұлов Бахытжан Тұрсынұлының атынан оқу-әдістемелік бірлестігінің проректоры, педагогика ғылымының докторы, профессор Ахметова Гүлнар Кенжатайқызы КОІСА директоры Но Хен Джунгқа алғыс хат тапсырды.

Шығыстану факультетінің деканы, тарих ғылымының докторы, профессор Нұржамал Әбдіразаққызы Алдабек және корейтану кафедрасының меңгерушісі Ем Наталья Борисовна КОІСА-ның Қазақстандағы корейтану ғылымының дәрежесінің өсуіне оң әсерін тигізіп жатқандары үшін алғыстарын білдірді.

Сонгюнгван университетінің магистратурасында оқу степендиясының иегері 4 курс студенті Хан Юлья КОІСА өкілдері үшін алғыс хат дайындаса, кіші курс студенттері презентацияға қатысушылар үшін желпуішпен би көрсетті. Соңында корейтану кафедрасы корей және қазақ тағамдары ұсынылған кофе-брейк дайындады. Барлық қатысушылар жаңа қазіргі заманғы кластағы еңбек күндерінің жоспарларын қызу талқылады.