Шанхай делегациясының Шығыстану факультетіндегі кездесуі

Сәуірдің 22 жұлдызында, бейсенбі күні, Шығыстану факультетінде Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясы өкілдерінің қытайтану кафедрасы оқытушыларымен кездесуі өтті. Профессор Юй Цзянхуа бастаған делегация ШҚҒА-ның қызметімен нақтырақ таныстырды. Өз кезегінде қытайтану кафедрасы да кафедраның негізгі бағыттарымен таныстырды. Екі жақ өзара пікір алмастырып, келешекте екі жақты байланыстарды нығайтуға қатысты, әсіресе ғылыми байланыстар орнату жөнінде біраз мәселелерді қарастырып, талқылады.

Қытай жағынан кездесуге ғалымдар профессор Юй Цзянхуа, профессор Пан Давэй, Фу Жун, Ли Лифан қатысты.

Ал өз университетіміз тарапынан ҚазҰУ-дің халықаралық қатынастар бөлімінің өкілі Сәбитов Айтуған, қытайтану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент З.С.Батпенова және кафедра оқытушылары қатысты.