ТҮРКІ ЖАЗУЫ МЕРЕКЕСІ

17 қараша күні университеттің 75 жылдық мерейтойына орай Түріктану және шығыс елдері тарихы кафедрасы студенттерінің ұйымдастырумен «Түркі жазуы» мерекесі өткізілді.

Студенттердің ұйымдастыруымен өткізілген айтулы шараға Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің Білім, Мәдениет жөніндегі кеңесшілері, елшілік жанындағы түрік тілін оқыту орталығының және «Қазақстан-Заман» газетінің басшылары, еліміздің белгілі ұстаз, ғалымдары, қатысты.

«Түркі жазуы» мерекесі – халқымыздың қан майдандағы кезекті бір жеңісі емес, бәсекеге толы әлем өркениетіндегі ұлы жеңісін атап өтуге арналған шара. В.Томсен Орхон мен Енисей бойынан табылған беңгү тастағы жазбалардың түркі халықтарынан қалған жәдігер екенін айдай әлемге 1893 жылы желтоқсан айында жариялаған еді. «Түркі жазуы» мерекесінің желтоқсан айында аталып өтілуіне де осы себеп болып жүр.

Мереке сайыс түрінде өткізілді. Сайысқа 12 студент қатысты. 4 саты бойынша өткен жарыста шешуші сатыға сүрінбей 3 студент жетті. Олар 1-ші орынды иеленген 2 курс студент Мұхамеджанова Зәуре және 2-3-ші орындардың иегерлері 3 курс студенттері Дәуірбекова Жансая мен Балақожаева Әйгерім.


Қазылар алқасы Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің Білім, Мәдениет жөніндегі кеңесшілері, елшілік жанындағы түрік тілін оқыту орталығының оқытушылары және «Қазақстан-Заман» газетінің басшылары болды. Олар шыныменде таңданысын жасыра алмай Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Шығыстану факультетінің түрік тілін оқыту деңгейінің жоғары екендігін мадақтады.