Ашық есік күні

2010 жылдың 30 сәуірінде шығыстану факультетінің 503 аудиториясында корейтану кафедрасының профориенталдық жұмыстарымен байланысты ашық есік күні мерей тойы өткізілді. Мерей тойға Алматы қаласының №120, №23 және №36 мектептерінің түлектері шақырылды. Түлектерді шығыстану факультеті мен корейтану кафедрасының тарихымен таныстырды. Шығыстану факультетінің студенттері концерттік бағдарлама қойып берді. Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін шығыстану факультеті мен корейтану кафедрасында таныстыру экскурсиясы жүргізілді.