Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде қазан айының 26 күні «Әлем кеңістігіндегі түркітану ғылымы» атты халықаралық ғылыми-теориялық семинар өткізеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Шығыстану факультеті

Ақпараттық хат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті үстіміздегі жылдың қазан айының 26 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Түркия Республикасының тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Әлем кеңістігіндегі түркітану ғылымы» атты халықаралық ғылыми-теориялық семинар өткізеді.

Семинарға төмендегі секциялар бойынша мақалалар қабылданады:

  1. Тіл, әдебиет, фольклор
  2. Тарих, археология, этнология, этномәдениеттау
  3. Шет тілін үйретудің әдістемелік теориясы

Халықаралық ғылыми семинарға қатысу үшін 18 қазанға дейін өтініш білдіру міндетті, баяндаманың тақырыбы мен резюмесі ағылшын, орыс (қазақ) тілдерінде электрондық нұсқада жіберілуі қажет. Баяндамалар 20 қазанға дейін қабылданады. Баяндамалар қазақ, орыс, және түрік тілдерінің бірінде болуы тиіс. Мақала төмендегідей шарттарға сай болу керек.

Көлемі 5-8 бетке дейін (А-4 формат) болып, қазақша баяндама – Times New Roman, 14 кегль шрифтімен, әр жолдың арасы бір интервалдан терілуі шарт. Мәтін редакцияланып, дискетте RTF формасында сақталуы керек (Microsoft Word). Баяндаманың жоғарғы жағының оң қапталына автордың аты-жөні, жұмыс орны мен қызметі (оқу орны), ғылыми дәрежесі, баяндаманың атауы ортасына көрсетілуі қажет. Ағылшын және орыс (қазақ) тілдерінде қысқаша резюмесі берілуі шарт. Пайдаланған әдебиеттер тізімі сілтеме реті бойынша баяндаманың соңында келтіріледі.

Ұйымдастыру жарнасы Қазақстандық ғалымдар үшін 3000 тенге шетелдік ғалымдар үшін 50 Еуро.

Конференцияның барлық шығындарын қатысушы өз тарапынан көтереді.

Баяндамаларды іріктеуді ұйымдастыру комитеті өз құзырына қалдырады.

Конференцияға қатысу жайлы өтініштің үлгісі қосымша бетте берілген.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті

Алматы қаласы

Амангелді көшес 61 «а», түркітану және үндітану кафедрасы

Байланыс телефондары: Тел:8(727) 2674167 /123/

Факс: 8(727) 2674070

E-mail: gulzadakanat@hotmail.com

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Конференцияға қатысу үшін 2011 ж. 20 қазанына дейін өтініш білдіру керек.

Халықаралық ғылыми семинарға қатысу өтініші

Аты-жөні

Жұмыс орны

Қызметі

Ғылыми атақ-дєрежесі

Республикасы

Мекен-жайы

Телефон

Факс

Индекс

Е-почта

Қатысамын Қатыспаймын

Конференцияға ұсынатын баяндама тақырыбы

Секциясы

Қонақ үй: Керек Керек емес