Қазақ халқының біртуар тұлғасы - Бұқар жырау

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түріктану және үндітану кафедрасының «Жас түркологтар» ғылыми-зерттеу үйірмесі Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай «Қазақ халқының біртуар тұлғасы - Бұқар жырау» атты танымдық кеш ұйымдастырды. Кешке Тәрбие жұмысы және тіл саясаты ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Қанафьева Шынар Ерланқызы, кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Авакова Раушангүл Әмирдинқызы, кафедра оқытушылары, үйірме мүшелері және басқа да қонақтар қатысты.

«Қалқаманұлы Бұқар жырау- қазақтың ұлы жырауы, 18ғ. жоңғар басшыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы, әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген, «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған елдің басын қосып, ата жауға қарсы азаттық куресіне жұмылдыру, бар ғұмырын халқының бірлік бүтіндігіне арнаған ұлы жыраудың басты мақсатына айналады. Бұқар жырау жырларын басқыншы жаумен ұзақ арпалысып, ерлік пен ездіктің, парасаттылық пен азғындықтың таразыға түске сындарлы шақта Абылай хандай басшының төңірегіне топтасып, ұлы жеңістерге жетіп, ерліктің үлгісін, бірліктің құдыретін танытқан қазақ өмірінің шындығын айшықтай өрнектеген поэзия, мұра деп білеміз.» сияқты танымдық баяндамалар оқылды.

Кеште 2 курс студенттері Бұқар жыраудың “Ай не болар күннен соң”,“Арам болған 25”, “Ұлы хан, Абылай” , «Абылай» атты өлеңдерін оқыды; 2 курс студенті Тоқтасынова Ақтілек Бұқар жыраудың «Биік тауға жарасар» атты толғауын орындады және Қайроллақызы Құралай мен Байназаров Расул күй тартысты. Кеш соңы 2 курс түркология бөлімінің студенттерінің «Бұқар жыраудың Абылайханмен кездесуі» атты қойылыммен қорытындыланды.