КОРЕЙ КАФЕДРАСЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

«2009-2010 қыс» сессиясы тәмәмдалуға таяу қалды.Университетте ұйымдастырылып жатқан түрлісеминарлардың алдында корейтану кафедрасында «Конфликты источники конфликтов» атты иновациялық оқу әдістемесі бойынша әдістемелік семинар өтті.Семинарға келем деушілердің бәрі шақырылып,факультеттің барлық кафедраларының өкілдері қатысты.Семинардың алдында корейтану кафедрасының аға оқытушысы Абдипатаева Н.И. жоғары мектепте оқытудың иновациялық формасы мен әдісі туралы слайдтың презентациясы көрсетілді.Семинардың басты бөлігін корейтану кафедрасының меңгерушісі Н.Б.Ем жүргізді. Ол инновациялық әдісті «мозговая атака», «кішкентай топтағы жұмыс», «коммуникативті ойын» сияқты ойындар арқылы көрсетті.Мұғалімдер ерке студенттерге айналып, топқа бөлініп «Біздің кафедрадағы ең дегенді таңдау» жазып және бұл конфликт жағдайының үлгісін көрсетіп, анализ жасалып, дау дамай жүргізілді. Содан кейін «конфликт сөзі сізде қандай ассоциация тудырады» деген сұрақ қойылды. Таза үлкен қағазды оқытушылар өздерінің ассоциацияларымен толтыруға тырысты.Мұндай коммуникативті ойындар өз жалғасын тапты. Оның ішінде ең есте қалғаны «Бұзылған телефон» атты конкурс. Бұл конкурстың мақсаты- ауызша ақпаратты жеткізу мүмкіндігі. Ойынның шарты; ауызша ақпаратты мұқият тыңдап,оны басқаға жеткізу.( бірнеше адам аудиториядан шығып, оларды бәр-бірден шақырып, ақпаратты мұқият тыңдап, оны келесі адамға түсіндіру қажет болған. Ал қалғандары көрермендер болады.)Ақпарат өзгертілген күйде жеткізіліп отырды. Аудитория у-шу болды. Оқытушылар ойын кезінде бір-бірін жақынырақ танып, және ең бастысы олар жай ғана көрермен болған жоқ, олар аса дүниетанымдық ойынға қатысты. Семинар өте жақсы өтіп,қолданылған әдістер 100 баллға бағаланды.