Республикалық қытай тілі олимпиадасының нәтижесі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы және Конфуций институты бірлесіп еліміздегі жоғарғы орындары арасында қытай тілінен Республикалық олимпиада ұйымдастырды. Олимпиада 2010 жылдың 30 наурыз күні Қаз ҰУ-дың шығыстану факультетінің оқу ғимаратының 509 аудиториясында сағат 10-00-ден 16-00-ге дейін өтті. Республикалық деңгейде өткен қытай тілі олимпиадасына еліміздегі қытай тілін оқытатын 6 оқу орынынан 25 студент қатысты. Олар:

  1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
  2. Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті. (Түркістан қаласы)
  3. Халықаралық Қазақ-Қытай тіл колледжі.
  4. Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатнастар және әлем тілдері университеті.
  5. Қазақ-Қытай университеті (Қызылорда қаласы)
  6. ҚР ҚМ әскери институты.

Олимпиадаға қатысушылардың қытай тілі деңгейін бағалайтын қазылар алқасына төмендегі кісілер шақырылды.

- Қазылар алқасының төрағасы – университетіміздің жанындағы. Конфуций инситуты директорының орынбасары Zhang Jian fang ханым.

- ҚХР-ның Алматы қаласындағы бас консулдығының бірінші хатшысы Yu quangao мырза.

- «Көрші» журналының редакторы Ибрагим Файзулла мырза.

- Қазақстандағы Қытай банкінің өкілі Gao hai мырза.

Екі турдың нәтижесі бойынша ынталандыру сыйлығына төмендегі студенттер ие болды:

  1. Алаева Сахидям- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  2. Шуншалиева Мира- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  3. Шуканова Әйгерім- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  4. Токкарина Айжан- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

үшінші орынға төмендегі үш студент ие болды:

  1. Тагаева Жанел - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  2. Жүнісова Мақпал - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  3. Сүлейменов Бақтияр - ҚР ҚМ әскери институты

екінші орынды иемденген төмендегі екі студент болды:

  1. Тынышбаева Әйгерім - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  2. Каримов Қалжан - Халықаралық Қазақ-Қытай тіл колледжі

Қазақстандағы Қытай банкі тағайындаған сыйлықты және ҚХР-ның Алматы қаласындағы бас консулдығы ұсынған өз таңдауы бойынша ҚХР-дың кез-келген оқу орынында бір жыл оқуға мүмкіндік беретін грантты жүлделі бірінші орынды иемденген Қызылорда қаласындағы Қазақ-Қытай университетінің студенті Омарова Мейрамкүл жеңіп алды.