ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Қытай мәдениетіне, көркем өнеріне қызығушылықты арттыру мақсатында, студенттерді жан жақтылыққа баулу мақсатында, қытай тілін оқитын студенттер арасында таланттарды табу мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы желтоқсанның 1-де Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары арасында ҚХР-дің құрылғанына 60 жыл толуына арналған қытай тілінен көркем өнер сайысын өткізеді.

Сайыс ән айту, би билеу, бейнелеу өнері, көрініс қоюды қамтиды.

Сайысқа қытай тілін оқитын барлық қытайтанушы студенттер қатыса алады.

Сайыскерлерге қойылатын талаптар:

Ән сайысы үшін:

- Сайыскерлерде әннің сапалы «минусовкасы» болу керек, немесе музыкалық аспаппен сүйемелдеу қажет.

- Орындалатын әнді жатқа білу қажет (қағаздан қарап айтуға болмайды)

Бейнелеу өнері үшін:

- Сурет салу қабілеті болу керек.

Би өнері үшін:

- Сайыскерлер жеке немесе топтық би көрсетуі қажет. Биді орындағанда қимыл қозғалыстарының бірдей болуына көңіл бөлу қажет.

Көрініс қою үшін:

- Көріністер қызықты болуы керек, әрі жақсы ұйымдастырылуы қажет.

САЙЫСКЕРЛЕР САХНАЛЫҚ КОСТЮМ КИЮІ КЕРЕК ЖӘНЕ САЙЫСҚА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУЫ ҚАЖЕТ!!!

Өткізілу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

механика-математика факультетінің акт залы

Өткізілу уақыты: 1 желтоқсан 2009 ж. сағ: 15:00- 17:30 дейін

Байланысу:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы.

Адресі: Амангелді көш. 61 а (Шевченко-Масанчи), 208 каб.

Байланыс тел: 267-45-79 ( ішкі нөм.-126) –қытайтану кафедрасы

8-7014446955; 8-7003329590 - Дауен Динара Бақыткерейқызы

E-mail: kaznu-vostok@mail.ru