ҚР 20 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына орай кездесу өтеді

2011 ж. 7 желтоқсан күні сағ. 10.00-да 503 аудиторияда түркітану және үндітану кафедрасы 4 курс эдвайзерлік тобының ұйымдастыруымен ҚР 20 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына орай, осы оқиғаның бел ортасында болып, көрсеткен белсенділігі үшін қуғынға ұшыраған кешегі 20 жасар студент, бүгінгі қоғамның белді бір мүшесімен кездесу өтеді. Желтоқсан оқиғасына қатысты тың да соны мәлімет алып, пікір алмасқыңыз келсе, келіңіз, есік айқара ашық.