Covid-19

Covid-19 коронавирустық инфекциясы – бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа коронавирус тудырған жұқпалы ауру. Бұл вирустың әсері жөтел, қызба және ауыр жағдайларда пневмония сияқты белгілері бар тұмауға ұқсас респираторлық аурудың дамуына әкеледі. Инфекциядан қорғану үшін қолыңызды жиі жуып, қолыңызды бетіңізге тигізбеңіз.

 

Жаңа коронавирус негізінен жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде, немесе науқастың мұрнынан аққан су тамшыларын, немесе секрецияларды деммен жұту арқылы ауа тамшыларымен байланыс нәтижесінде беріледі.

 

Коронавирус өкпені зақымдайды. Ауру белгілері жоғары температурадан басталады, содан кейін құрғақ жөтел пайда болады, бұл тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін.

 

  • Біздің қоғамға қамқорлық

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ел азаматтарының денсаулығы мен қауіпсіздігіне өте байсалды қарайды, қауіпсіздікті барынша арттыру мақсатында университеттің барлық оқытушылары мен қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакциналаудан толық өтті. Тиісінше, білім ордасы барлық талапкерлерге және оқуға қабылданған студенттерге, магистранттар мен докторанттарға Сovid-19 вирусына қарсы толық вакциналаудан өтуді және күзгі семестрде кампусқа келген кезде вакцина паспортын көрсетуді ұсынады. Бұл толыққанды күндізгі оқуды қайта бастауға және жұқтыру қаупін азайтуға көмектеседі. Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген кез келген вакцина қабылданады.

 

  • ҚазҰУ-дағы вакцинация пункті

ҚазҰУ-да КВИ-ге қарсы вакцинация пункті ашылды. Ол университет  аумағында орналасқан. Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының 1-қабатында, ректоратқа қарама-қарсы тұр. Жұмыс уақыты: күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліссіз және демалыссыз.

Екпе алу үшін алдын ала жазылудың қажеті жоқ, кез келген уақытта  вакцина салдыруға болады. Өзімен бірге жеке куәлігі болу қажет.

Вакциналауды «Smart Health University City» ЖШС медициналық ұйымының көшпелі егу бригадалары (құрамында дәрігер, егу медбикесі, вакцинация жүргізуге рұқсаты бар медициналық тіркеушілер бар) санитарлық талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

 

  •  «Ashyq» қосымшасы

Қоғамдық орындар, кафелер мен мейрамханалардың көбеюі «Ashyq» қосымшасын қажет етеді. Бұл бағдарлама контактілерді іздеуді жақсартады, бүгінде көптеген елдерде қолданылады. Оны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірге елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін әзірледі.

 

«Ashyq» жобасына кіретін жерге барған кезде келушілер жасыл (теріс ПТР тесті), көк (ПТР немесе контактілердің болмауы), сары (байланыс ретінде анықталған) және қызыл (оң ПТР тесті) деп белгіленеді. 30-дан астам адам жиналатын орындар мен іс-шаралар үшін «Ashyq» қосымшасы міндетті болып табылады.

 

  • Сіз қосымшаны Apple Store және Google Play дүкендерінен жүктей аласыз

 

1 шілдеден бастап «Ashyq» қосымшасына вакцинация туралы жазбалар қосылды, сонымен қатар «Ashyq» қосымшасын пайдалану тәсілдері әуе көлігін, көптеген кәсіпорындар мен университеттерді қосу арқылы кеңейтілді.

 

 

  • Маңызды

Барлық сақтық шараларын сақтауды жалғастырыңыз: бетперде киіңіз, қолыңызды жиі жуыңыз,  арақашықтық сақтаңыз, көп адамдар жиналған ортадан аулақ болыңыз және бөлменің жақсы желдетілуін қадағалаңыз.

Университет кампусында бетпердеден басқа, кампус ішінде жүру үшін «Ashyq» бағдарламасын қолданыңыз. Қауіпсіздік үшін барлық сақтық  шараларын сақтаңыз. COVID-19-ға қарсы вакциналаудан өтуді ұсынамыз.