КОРЕЙТАНУ КАФЕДРАСЫНДАҒЫ ТАЭКВОНДО СЕКЦИЯСЫ

Корейтану кафедрасында үш ай уақыт таэквонда бойынша жаңа спорттық секция жұмыс жасап жатыр.2009 жылдың 16 қарашасында КОЙКА Корей халықаралық қарым қатынастар агенттігінің қолдауымен шығыстану факультетінің корейтану кафедрасы таэквонда спорттық секциясын ашты. Ашылу рәсіміне кафедра оқытушылары, КОЙКА волонтерлары және ҚазҰУ-дің спорттық кешенінен келген өкілдер қатысты.Осы үйірмеге КОЙКА волонтеры Джонг Ми Сук және таэквонда үйретушісі И Ен Пе жетекшілік етеді.

Корей Республикасы Сеул қаласының Сочугуген ауданының әкімі Чон Нам Хо мырза осы үйірмені КОЙКА волонтеры Джонг Ми Суктың қолдауымен материалдық көмек ретінде арнайы спорт киімдерімен қамтамасыз етті.

Бүгінгі таңда құрамында тұрақты өкілдері бар спорттық секция. Корейтану кафедрасы секцияға қатысам деушілерді шақырады.