Ашық есік күндері

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!!!

2010 жылдың30 сәуірі, сағат 15.00.-де шығыстану факультетінде “Ашық есік күндері” өткізіледі.

Мұнда сіздер факультеттің оқу-тәрбие үдерісімен және факультеттегі мамандықтармен, факультет тарихы мен даму болашағымен таныса аласыздар.

Сіздер факультетті аралап, кафедралармен танысып, дәрісханалар, мультимедиялық кластарға және қазірге заманғы озық технологиялармен жабдықталған арнайы тілдік кабинеттерге саяхат жасайсыздар.

Сіздер факультет басшылығымен, оқытушылар және студенттермен әңгімелесіп, өздеріңізді қызықтырып жүрген сауалдарға жауап ала аласыздар. Біздің студенттер сіздерге өздерінің шығыс тілдерін қалай меңгергендерін, Шығыс елдерінің мәдениеті мен дәстүрлерін жетік білетіндерін көрсетеді.

КЕЛІҢІЗДЕР, КӨРІҢІЗДЕР, ЕСІГІМІЗ СІЗДЕР ҮШІН ӘРДАЙЫМ АЙҚАРА АШЫҚ!!!