Ғылым дамуының халықаралық орталығы» қоғамдық бірлестігі

  

 

Ғылым дамуының халықаралық орталығы Халықаралық орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өкілдіктері бар.

 

Орталықтың негізгі мақсаттары:

  •  ақпараттық-талдау, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін тиянақты дамыту;
  •  отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеулерді жүргізуге рұқсат беру;
  •  ғылыми қызмет субъектілерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуін қамтамасыз ету.

 

 

Орталықтың міндеттері:


  1. заманауи әлемдегі геосаяси процестерге шолу жасау және оларды болжау;
  2. саяси жүйелердің, халықаралық қатынастардың жағдайын, ғаламдық және аумақтық қауіпсіздік мәселелерін талдау;
  3. саяси, әскери-саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық-биологиялық сипаттағы және дінтану проблемаларын зерттеу;
  4. мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерінің дамуына септігін тигізу;
  5. халықаралық қатынастарды құру.

 

 

Орталық келесі функцияларды жүзеге асырады:


  1. зерттеу жобаларын жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
  2. отандық және шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлесіп ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысады;
  3. ұлттық мүдделерді нығайтуға, ғаламдық және аумақтық қауіпсіздікке бағытталған жобаларды қолдайды және сарапшылық іріктеуді жүргізеді;
  4. Лаборатория қызметінің басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін уақытша ғылыми ұжымдардың жұмысын ұйымдастырады және олардың қызметін үйлестіреді;
  5. ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
  6. жүргізіліп жатқан жұмыстардың жоғары тиімділігіне әсер етеді, ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын уақтылы және сапалы орындауды бақылайды;
  7. талдау болжамдарын анықтайды және олардың туралығына, шынайылығына баға береді;
  8. ақпараттық кеңістікке шолу жасайды;
  9. байқауларды, талқылау алаңдарын, конференцияларды, форумдарды, семинарларды және тренингтерді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады, соның ішінде мамандардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және өзара тиімді халықаралық байланыстарды кеңейту үшін;
  10. жетекші ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық ұйымдардың, тәжірибелік-конструкторлық бюролардың және ақпараттық технологиялар ғылыми орталықтарының, сондай-ақ Лаборатория қызметінің басым бағыттары бойынша сарапшылар тізбесін дайындайды;
  11. ынтымақтастыққа неғұрлық перспективті шетелдік мамандарды тартады;
  12. интеллектуалдық меншік құқықығын қорғау, мемлекеттік және коммерциялық құпияны сақтау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасмен белгіленген талаптарды сақтай отырып орындалған және орындалатын ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды, жүйелендіреді;
  13. ғылыми зерттеулер нәтижелерін іске асыруға және енгізуге қатысады;
  14. ғылыми еңбектерді, оқу құралдарын, әдістемелік және ақпараттық-анықтамалық әдебиетті, мерзімді баспаларды, аудио және бейне өнімдерді дайындауға және шығаруға қатысады;
  15. ақпараттық-талдау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін инвестицияларды және қосымша қаражаттарды тартады;
  16. ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, мүдделі мемлекеттік органдар кадрларын дайындауды және қайта дайындауды ұйымдастырады.
  17. Орталықтың серіктестері арасында – халықаралық және үкіметтік ұйымдар, жетекші ,ылыми-зерттеу мекемелері.

 

Орталықтың кеңсесі мына мекен-жай бойынша орналасқан: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95.

 Тел.: +7 (727) 327 20 49