Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстандағы көппрофильды университеттердің бас рейтингінде бірінші орынға ие болып, еліміздің білім беру нарығындағы сөзсіз көшбасшылығын тағы да паш етті. Рейтингтік бағалауды Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттік 36 индикатор, 6 шарт бойынша, сондай-ақ мемлекеттік органдар және жұмыс берушілер сарапшыларының арасында сауалнама жүргізу арқылы өткізді. Рейтинг нәтижелері ҚазҰУ-дың тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамыту үдерісіндегі ұлттық көшбасшы екенін айғақтады. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының бұрын жарияланған рейтингтерінің нәтижелері бакалавриат мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын табысты жүзеге асырушы жоғары оқу орны ретінде ҚазҰУ сөзсіз бірінші орынға ие болды: рейтинг нәтижесі бойынша университеттің 29 білім беру бағдарламасы ең үздік деп танылды.
«... Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуетін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет. Біздің ендігі міндет – қазақстандықтардың, бірінші кезекте жастардың білімділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарасатын өзгерту. Бізге ұлттық интеллектінің діңін құру қажет, бізге халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді адамдар керек. «Болашақшылармен» кездесіп, «Интеллектуалды ұлт – 2020» жобасын ұсынғанда мен осындай мақсаттарды көздедім». ... Мен бүгін барлық ғалымдарды, педагогтар мен студенттерді «Интеллектуалды ұлт» жобасын жүзеге асыруға белсенді қасытуға шақырамын. Біріге отырып біз алдымызға қойған барлық мақсаттарымызға қол жеткіземіз және Қазақстанда интеллектуалды ұлт құратын боламыз».
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқыған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» дәрісінен (Алматы, 13 қазан 2009 жыл)
ҚазҰУ құқығы жағынан Қазақстан және Орталық Азиядағы таңдаулы жетекші университет болып есептеледі. Сапалы білім бергендіктен ғана емес, ҚазҰУ кейбір мамандықтар бойынша ASIIN халықаралық аккредитациясын алғандықтан да ҚазҰУ дипломы беделді және дүниежүзінде мойындалады.
21 маусымнан бастап 2010 жылғы бакалавриат, магистратура, PhD докторантура түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсырылады. Үшінші курста оқып жүріп-ақ көптеген түлектер ірі ұлттық және халықаралық компанияларда қызметке тұруға шақырту алып та қойды. Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Ресей, Жапония, Корея және т.б. елдердің жетекші университеттерімен келісілген жаңа оқу бағдарламалары бойынша үздік түлектер магистратура және доктарантурада білімдерін жалғастыруда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Алматы қаласының көрікті бұрышында орналасқан Қазақстандағы ең үлкен 100 гектар алаңды алып жатыр. Кампуста зертханалары бар 13 оқу ғимараты, 4000 орындықты 13 оқу залы және іргелі кітапхана орналасақан.
Студенттерге 13 жатақхана, Қазақстандағы ірі студенттік асхана және Интернет-орталық пайдалануға берілген. Студенттер мәдени өмірі мен бос уақыттарын Алматы қаласындағы әдемі концерт залының бірі - Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткізеді, өзінің кинотеатры, жеке спорт кешенімен стадион жұмыс жасайды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің естерінде қалатын елеулі оқиғаның бірі «ҚазҰУ аруы-2010» байқауы.
Байқауда Экономика және бизнес факультетінің екінші курс студенті Тұрсынбаева Альмира қатал сынақтан сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанды.
Бұл жеңіс Альмираға жаңа кеңстіктерге жол ашты – университет байқауынан кейін Алматы қаласының «Мисс U-2010» и «Мисс Студенчество - 2010» сияқты ірі байқаулардың жеңісі ҚазҰУ аруы активінің қанжығасына байланды. Бұл дегеніміз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ең әдемі қыздар оқиды денгеннің тағы бір дәлелі болды!
Қазіргі таңда еліміздің бас жоғары оқу орныныда, ең алдымен, сапалы оқу үдерісі мен университеттің барлық қызмет салаларын ақпараттандырумен сиптталады.
Жалпыуниверсиеттік желі компьютерлік техниканың шамамен 4000 бірлігін қамтиды. Оптоталшық сызығының ұзындығы шамамен 20 км. Интернеттің жылдамдығы 25 есеге 768 Кбит/с - 20 Мбит/с арттырылған.
«Казактелеком» АҚ ұлттық операторлрымен бірлескен ынтымақтастық нәтижесінде университет қалашығының бүкіл аумағына, сондай-ақ университет жатақханаларына заманауи сымсыз желі тартылды.
Құрметті ата-аналар және талапкерлер!
Біз, ЖОО таңдаудың қаншалықты маңызды шешім екендігін білеміз. Сіз дұрыс таңдау жасағаныңызға сенімді болыңыз! Шілде айының 20 жұлдызы мен 30 аралығында ҚазҰУ-дың Қабылдау комиссиясы декан сағаты мен факультеттер презентациясын өткізеді. Талапкерлер декандармен кездесіп, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, университет тынысымен, ҚазҰУ жағдайымен және студенттік өмірмен жете танысу мүмкіндігіне ие болады.
31 шілде 2010 жыл – ҚазҰУ-ға грант негізінде оқуға түсу үшін құжат қабылдау кезеңінің соңғы күні екендігін ескертеміз. Сондықтан, Қазақстан және Орта Азия бойынша ең үздік бірінші университеттің талапкері атануға асығыңыз!ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы күнделікті таңғы сағат 09:00-дан кешкі 18:00-ге дейін үзіліссіз және демалыссыз қызмет етеді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық аккредациялау орталығы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының 2010 оқу жылы негізінде бакалавр мамандығы бойынша ұлттық рейтингтік көрсеткішінің қортындысын жариялады. Нәтижесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тағы бір кезек еліміздің жетекші университеті статусына лайық екендігін дәлелдеп, 29 білім беру бағдарламасы бойынша бірінші орынға ие болды.
ҚазҰУ Нанозертханасы
ҚазҰУ-да Ашық үлгідегі Ұлттық нанотехнологиялық зертхана (АҮҰНЗ) және Инженерлік профилдегі нанотехнологиялық зертхана (ИПНЗ) құрылып, жұмыс істеп жатыр.
Әл-Фараби атынағы ҚазҰУ-дың АҮҰНЗ әне ИПНЗ ғалымдары Белорусия, Германия, Ресей, АҚШ және тағы да басқа шетелдік ірі зерттеу орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, наноөлшем зерттеу объектісі және наноқұрылым материалдары саласында зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.
Қымбатты талапкерлер!
Назарларыңызға! ҚазҰУ-дың территориясында Жастар интернет орталығы қызмет етіп жатыр. Жоғары жылдамдықтағы интернет, дамытатын ойындар мен тегін бағдарламалық қамтамасыз ету. ҚазҰУ студентері үшін бір сағат жұмыс істеу 100 тенге, өзге қонақтарға -180 тенге.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың талапкерлері болашақ студенттер ретінде Жастар интернет орталығында бір сағат тегін жұмыс істей алады. Жастар интернет орталығында тегін WiFi, бар, қазіргі замануи жабдықтар бар. Біз тамақтану комбинатының 3 қабатында орналастық. Өзіңізбен бірге төлқұжаттың болуы шарт.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, экспериментальдық және теориялық физика институтының плазмадағы процесстерді математикалық модельдеу зертханасы плазманы және тозаңды плазмадағы физикалық процесстерді зерттейтін ұлттық зерттеу орталығы болып табылады. Осы зертханада алынып жатқан ғылыми эксперименталдық зерттеулердің нәтижесі, басқармалы термоядролық синтездегі процесстерді моделдеуде, астрофизикалық объектілерді зерттеуде және өндірістік нанотехнологиялық өнімдерді жетілдіруде өте кең қолданылуда. 2005 жылы зертхана қызметкерлері Қазақстанда бірінші рет тамаша физикалық объект - плазмадағы тозаңды кристаллды эксперименталды түрде алып, оның қасиеттерін зерттеумен жүйелі түрде айналыса бастады. Сонымен қатар, аталмыш зертхана көпкомпонентті тозаңды плазманы зерттеу жұмыстарымен де айналысады. Зертхана тозаңды плазманың құрамын экспериментті оқытудың халықаралық Ғарыштық Станциясының белсенді қатысушысс болып табылады.
Мұхит арқылы жүргізілген PR-көпірлер
Ағымдағы жылдың қараша айында Сан-Францискода (АҚШ, Калифорния) өтетін жыл сайынғы Ұлттық коммуникативті қауымдастығы Америка құрама штаты “Көпірлер орнату-2010” (NCA) конвенциясына Қазақстандық жетекші пиаршылар қатысады.
Қазақстандық пиаршылар үшін NCA конвенциясы өте маңызды. Себебі, осы жылдан бастап соңғы бес жылдық үзілістен кейін Қазақстанда “қоғаммен байланыс” мамандығы қайтадан ашылды. Сондықтан, Отандық PR-қоғамының теоретиктер мен тәжірибешілері және Қазақстан пиаршылары мен әр түрлі елдердің мамандары арасында орнатылатын ресми көпір PR-білімінің болашақта дамып, жандануына негіз болады.


