Бос жұмыс орындары
13 шілде 2023 жыл
КОНКУРС!!!
"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті"
Коммерциялық емес Акционерлік қоғамы
алдағы 2023-2024 оқу жылына бос лауазымдарға орналасуға
конкурс жариялайды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - QS WUR жаһандық рейтингісіндегі әлемнің үздік университеттерінің қатарына алғашқы болып енген Қазақстандық ЖОО алдағы 2023-2024 оқу жылының бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
Сіздерді конкурсқа қатысуға және білім мен ғылым сапасын одан әрі арттыруға бағытталған академиялық қоғамдастыққа қосылуға шақырамыз.
Конкурсқа қатысуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
1. өтініш;
2. жеке басын куәландыратын құжат;
3. жеке парақ / түйіндеме;
4. білімі, ғылыми атағы, дәрежесі және т. б. туралы құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары);
5. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 3 жыл ішінде);
6. қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
7. басшылық құрамы үшін адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны не жасамағаны туралы анықтама;
8. кәсіби құзыреті мен біліктілігіне, іскерлік деңгейі мен еңбек қызметіне қатысты өзге де құжаттар мен мәліметтер (кандидаттың қалауы бойынша).
Сіз "профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарын конкурстық ауыстыру ережелерімен", біліктілік талаптарымен және бос лауазымдар тізімімен Университет сайтында www.kaznu.kz ("Бос орындар" бөлімінде) таныса аласыз.
Егер Сіз конкурсқа қатысуға мүдделі болсаңыз, құжаттарды хабарландыру (қоса алғанда) жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жолдауды сұраймыз.
Конкурстық құжаттарды сканерленген нұсқада электрондық поштаға ұсынуға болады (hr.ok@kaznu.edu.kz), сондай-ақ құжаттар Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, ҚазҰУ, ректорат, адам ресурстарын дамыту департаменті (703,704 каб.) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қолма-қол қабылданады.
Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады.
Анықтама телефондары: 8 (727) 377 35 35, 377 33 30 (вн. 11-71, 11-73, 14-71, 14-76, 14-78
Конкурс негізінде қабылдау ЕРЕЖЕСІ.do
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет!
Құрметпен,
Адам ресурстарын дамыту департаменті