Ақпараттық хат

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде өткізілетін

Республикалық қытай тілі олимпиадасы

Еліміздегі қытай тілін оқып жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру және олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының бірлесіп ұйымдастыруымен наурыздың 30 күні еліміздегі жоғарғы орындары арасында қытай тілінен Республикалық олимпиада өтеді.

Олимпиада еліміздегі жоғарғы оқу орындарында қытай тілін оқып үйреніп жатқан студенттері қатыса алады. Олимпиада 3 кезеңнен тұрады:
1–ші кезең: Қытай тілін оқытатын жоғарғы оқу орындары өз ішінде сайыс өткізу арқылы осы сайысқа қатысушыларды анықтауы тиіс (10 наурызға дейін). Олимпиадаға қатысуға ниет білдірген үміткер наурыздың 15-не дейін олимпиаданың екінші кезеңіне жазған шығармасының қағазға түсірілген және электронды нұсқасын ұйымдастыру комитетіне әкеліп өткізуі керек. Еліміздің басқа қалаларындағы үміткерлер өз шығармаларын электронды пошта арқылы жіберуіне болады. Әр оқу орынынан 4-5 үміткер қатыса алады.

2-ші кезең: Алдын ала жазып, дайындап келген шығармасын айту.
ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы. 30 наурыз, 10-13.00
Қатысушы студент 1000-1200 иероглиф шамасында еркін тақырыпта шығарма жазуы керек. Жазылған шығарманы айту уақыты шектеулі (4-5 минут). Шығарма мазмұнына сәйкес қойылған әділқазылар алқасының екі сұрағына жауап беруі тиіс. Екінші кезеңнен жинаған ұпай саны бойынша алғашқы тұрған 10 қатысушы ғана келесі үшінші кезеңге өте алады.
3-ші кезең: Сол жерде таңдалған тақырып бойынша әңгіме айту.
ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы. 30 наурыз, 14-16.00
Қатысушы студент әділқазылар алқасы ұсынған тақырыптардың ішінен біреуін таңдап алып, сол жерде 2-3 минут шамасында ауызша әңгіме айтуы тиіс.
Келесі кезеңге өткен қатысушының ұпай саны сақталады және үшінші кезеңнің ұпай саны соның үстіне қосылып есептелінеді.
Қазақстандағы ҚХР-ның елшілігі қызметкерлерінен, Конфуций институты мамандарынан және Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының белді қытай тілі мұғалімдерінен құрылған қазылар алқасы, қатысушы студенттің тақырыпты аша білу қабілетіне, қытай тілінің дыбысталуына, сұрақтарға дұрыс және ұтымды жауап беруіне, өзін-өзі ұстауына байланысты ұпай беру арқылы жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаздар (1-6 орындар) бағалы сыйлықтар мен мақтау қағазына ие болады.
Олимпиаданың ұйымдастырушы комитеті:

ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы.

Адресі: Амангелді көш. 61 а, 208 каб.

Байланыс тел: 267-45-79, 2674167 ( ішкі нөм.-126) – қытайтану кафедрасы

87016238317 - Батпенова Зәуре Сейдуллақызы

87004962300 - Керімбаев Ержан Абдраймұлы

87012324610 – Ахметбек Гүлжан

Электрондық пошта: erker_70@mail.ru, gulzhan1970@yahoo.com.cn