"ҚЫТАЙ ТІЛІ КӨПІРІ" сайысы

Студенттердің Бүкіләлемдік “Қытай тілі көпірі” сайысы

Мамырдың 4-5 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтында әлемде қытай тілін таратуды басқаратын топтың Бүкілқытайлық мемлекеттік Канцеляриясының бастамасымен ұйымдастырылатын 9-шы Бүкіләлемдік “Қытай тілі көпірі” сайысының Алматы қаласындағы іріктеу туры өтті.

Алматы қаласының түрлі оқу орындарынан келген 15 сайыскер қытай тілінде шығармаларын оқып, қытай мәдениеті мен қазіргі жағдайына байланысты сұрақтарға жауап беріп, сонымен қатар көркем өнер де көрсетті. Нәтижесінде факультетіміздің, яғни шығыстану факультетінің студенттері алдыңғы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ:

1 – орын: Тынышбаева Әйгерім, 3 курст студенті

3 – орын: Жүнісова Мақпал, 3 курст студенті

5 – орын: Алаева Сахидям, 3 курст студенті


Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!!!