Қытай мәдениетінен білім сайысын

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институты 24-қазан күні «Қытай мәдениетінен білім сайысын» өткізді. Бұл сайыс негізінен Қытай тілін үйреніп жатқан шетелдік студенттердің сол елдің мәдениетін терең білу және Қытай тілін ауыз-екі сөйлеу деңгейін көтеру мақсатымен ұйымдастырды. Бұнда Алматы қаласындағы Қытай тілін үйрететін барлық оқу орындарынан 20 сайыскер қатысты. Олар: Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылайхан атындағы әлем тілдер университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ Қытай тілдер колледжі, Әскери институт.

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ден 6 сайыскер қатысты. 4 саты бойынша өткен жарыста шешуші сатыға сүрінбей Шығыстану факультетінен 3 студент жетті. Олар Токкарина Айжан, Исаканова Айжан, Шуншалиева Мира.

Шешуші жарысқа жетіп қана қоймай Токкарина Айжан бос жүлдені жеңіп алса, Исаканова Айжан 2-ші орынға ие болды, Шуншалиева Мира 3-ші орынды жеңіп алды.

Қазылар алқасы Қытайдың Алматы қаласындағы елшісі, Мұнай компанияларының қызметкерлері, Қытай ШУАР университетінен, Ланжоу университетінен келген оқытушы профессорлар болды. Олар шыныменде таңданысын жасыра алмай Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Шығыстану факультетінің Қытай тілін оқыту деңгейінің жоғары екендігін мадақтады.