«Жас қытайтанушы» үйірме мушелерінің жас ғалымдармен кездесуі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының жанынан құрылған «Жас қытайтанушы»атты үйірменің жетекшілері аға оқытушы Досымбекова Рауан мен оқытушы Исаев Әбілханның ұйымдастырумен 2011 жылдың 2-ші ақпанында шығыстану факультетінің конференц залында «Жас ғалым мінбері» атты тақырыпта Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары ф.ғ.к., доцент Әлібекұлы Ақжігіт, түркі мифологиясын зерттеуші ғалым, ақын, ф.ғ.к., доцент Тойшан Ақеділ, ф.ғ.к., жетекші маман, жас ғалым Еркінбаев Ұлан мырзалармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты, студенттерді ғылым жолына бағыттау, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, ғылыми әдістерді игеру, мақала жазудың қырларын үйрену болды. Осы кездесуде студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Кешке кафедра оқытушылары мен студенттер қатысты. Кеш қызықты, әрі осы кештен алған әсеріміз өте жоғары деңгейде болды.