Тюркология орталығының ашылуы

4 қазан 2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультетіндегі Түркітану және Үндітану кафедрасында екі елдің ынтымақтастығын ұлғайту мақсатында «Ғылым және білімнің дамуы – ынтымақ пен бірлікте» атты жаңа оқу залдарын ашу және оған түрлі сыйлықтармен қамтамасыз ету салтанаты болып өтті. Осы аталған кешке ғылыми иновациялық істер жөніндегі проектор, физика және математика ғылымдарының докторы, профессор Рамазанов Тілеуқабыл Сәбитұлы,Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулының көмекшісі Мұстафа Алтай Сөнмез, Түркия Республикасының ақпарат және мәдениет атташесі Нилгун Кылычарслан, Түркия Республикасының Тика қоғамдық қорының кординаторы Еврен Рутбил, Халықаралық Юнус қорының президенті Ибрагим Йылдыр, «Түрік әлемі» газетінің бас редакторы Ахмет Дағдоран , факультет деканы Жұбатова Баян, кафедра меңгерушісі Авакова Раушан және кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты.

Факультет ұжымы екі ел арасындағы орныққан тығыз байланыстың арқасында біздің шығыстану факультетіне көрсеткен көмектері және факультетте ашылған «Түркітану орталығы» және түрік бөлмелері мен сыныптарына берілген түрлі құрал жабдықтар, сан түрлі кітаптар үшін Түрік ағайындарға көп алғысын білдірді. Кеш соңы Түркітану бөлімінде оқитын студенттердің дайындаған салтанатты концертіне ұласты.