үнді тілі күні



Хинди тiлiнiң халықаралық күнi

2011 ж. 27 қыркүйегінде шығыстану факультетінде Үндістан Республикасының мемлекеттік тілі - Хинди тiлiнiң халықаралық күнi тойланды

Мереке қонақтары:

1. Қазақстандағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ашок Кумар Шарма мырза.

2. Үндістан Республикасы Елшілігінің жанындағы Үнді Мәдениет орталығының директоры Винод Кумар мырза.

3. Алматы қаласындағы Үндістан Республикасының Бас Консулы Ракеш Кумар Верма мырза.

Шығыстану факультетінің деканы Жұбатова Б.Н. Үндістан Республикасының елшісін А. Шарма мырзаны екі ел арасындағы байланысты нығайтуында өз үлесін қосқанына алғысын айтты.

Қазақстандағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ашок Кумар Шарма мырза екі ел арасында ғылым мен жоғары оқу саласындағы қатынастарының дамуын ризашылығымен атап өтіп, атқарған жұмысын жоғары бағалағаны үшін алғысын білдіртті. Сонымен қатар Үндістан Елшілігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен жұмыс істеуге әрқашанда дайын екенін айтты және де үнді бөлімі студенттерінің дайындық деңгейін жоғары бағалады.

Үнді мәдениет қатынастар кеңесі (ICCR) және Үндістан үкіметі елінің жоғары оқу орындарына оқуға қазақстандық студенттеріне жыл сайын 20-дан астам грант бөледі. Осы оқу жылында Дели университетіне біздің 3 студентіміз оқуға кетті, жазда бір жылдық оқудан 5 студент елімізге қайта оралды.

Үндістан елшілігі хинди және ағылшын тілдерінде бір қатар оқулықтар, әдеби және мәліметті кітаптар сыйлады.

Үнді бөлімінің студенттері өз тарапынан қонақтарға қызықты мәдени бағдарлама ұсынды. Қонақтар студенттердің орындауындағы үнді билерін, үнді тілінде тақпақтарын, өлеңдерін тамашалады.

кафедра меңгерушісінің

ғылыми, инновациялық жұмыстар

және халықаралық қатынастар

бойынша орынбасары Таубалдиева Д.С.