Жаңалықтар

Биотехнология кафедрасының докторанты Белкожаев Аяз Маратовичке дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалды.

26.01.2021

Биотехнология кафедрасының докторанты Белкожаев Аяз Маратовичке дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалды.

Бұл стипендия мемлекет үшін басым бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерге белсенді қатысатын дарынды жас ғалымдарға беріледі.

Ары қарай оқу >>

"Кураторлар мектебі" онлайн жиналыс

23.01.2021

23.01.2021 жылы «Кураторлар мектебі» атты онлайн жиналыс өткізілді.

Жиналыста қарастырылған мәселелер: Студенттердің пандемия кезіндегі сақтық шаралары мен эпидемия жағдайында туындайтын мәселер қарастырылды.

Ары қарай оқу >>

Шығаева Майя Хажетдинқызы биология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒАакадемигі, микробиология кафедрасының профессорын еске алу күні

21.01.2021

 

Майя Хажетдинқызы Шығаева 1927 жылы қаңтардың 21 жұлдызында Астрахань қаласында дүниеге келді. 
1949 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін; Кейіннен микробиология және вирусология институтын болып аталды. Бұл институтта ол аспиранттан институт директорының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасарына дейін қызмет атқарды. 
Қазан айында ұйымдастырылған микробиология кафедрасына 1971 жылы 30 желтоқсан айында кафедра меңгерушісі қызметіне бекітілген. Осы аталған кафедрада 28 жыл бойы үздіксіз кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. 
Микробиолгияның өзекті бағыттары бойынша (физиология, генетика, экология) Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында және ғылыми мекемелерде жұмыс жасаған 5 ғылым докторын, 41 ғылым кандидаттарын дайындаған.
Профессор М.Х.Шығаева 400 жуық ғылыми жұмыстардың авторы, соның ішінде 10 монография, 2 брошюра, 50 авторлық куәлік, алдын ала патент және патенттердің иегері болған, “СССР ойлап-тапқыры” белгісімен марапатталған. ҚР ЖАК Президумының мүшесі болды. Қазіргі кезде ол 2 арнайы диссертациялық кеңестің мүшесі болған, ҚР ҒА президумының биология ғылыми бөлімінің бюро мүшесі болған, әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кеңесінің мүшесі болған.
М.Х. Шығаеваның ғылыми – педогогикалық және қоғамдық жұмыстарын мемлекетіміз жоғары бағалаған. Ол ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, “Халықтар достығы” және “Парасат” ордендерімен, “В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған” және “Еңбек ардагері” медальдарымен марапатталған. Оның есімі Қазақстанның алтын кітабына енген. Жоғарғы оқу орнын өркендетуге қосқан үлесі үшін жоғарғы және арнайы орта білім министрлігінің “Жұмыстағы ерекше жетістіктері үшін” белгісімен және ҚР білім және ғылым минстрлігінің “Білім озаты” белгісімен марапатталған. 2000 жылы Биография институты (АҚШ) “2000 жыл Әйелі” титулымен марапатталған. 2008 жылы «Астананың 10 жылдығы» медалымен марапатталды. 2009 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 75 жылдығына орай ғылым мен білімге қосқан орасан еңбегі үшін ерекше «Үлкен Алтын белгі» медалымен марапатталған. 
Бүгін Майя Хажетдиновға 94 жас толатын еді, оның жарқын бейнесі ғылым жолында жүрген ғалымдардың, оқушыларының, бала-шағаларының жадында әрдайым сақталады. Жатқан жеріңіз жайлы болсын, Ұлы Ұстаз!

Ары қарай оқу >>

Эрасмус плюс KA107-2019 жобасы аясындағы кездесу «Тағы да бірге, көп нәрсе үшін» жобасының басталуы.

12.01.2021

2021 жылдың 12 қаңтарында «Erasmus plus KA107-2019» жобасының мобилизациясы «Тағы да бірге, бәріміз бірге» бастамасы аясында кездесу өтті.
Бұл жобаға қатысушылар 4 елдің университеттері: Саленто университеті (Лечче, Италия), Исмаил Кемали университеті (Влора, Албания), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан), Цзинань университетінің менеджмент мектебі (Цзинань, Қытай).
Кездесу барысында әр университет туралы кіріспе презентациялар, ынтымақтастықтың нәтижелері туралы есептер ұсынылды, студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы аясында ынтымақтастықты кеңейтудің алдағы жоспарлары мен мақсаттары талқыланды.

Ары қарай оқу >>

«ҚОРШАҒАН ОРТА БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОЭНЕРГЕТИКАНЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН ИННОВАЦИЯЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

06.01.2021

Құрметті  әріптестер! 

Сіздерге «Экологиялық биотехнология мен биоэнергияның аспектілері мен инновациялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жайлы хабарлауға қуаныштымыз!

Сіздерді конференцияға қатысуға шақырамыз.  Толығырақ тіркелген Ақпараттық хатта беріледі.

Сізді конференцияда көруге қуаныштымыз! 



Ары қарай оқу >>

На кафедре биотехнологии хорошие новости!

19.12.2020

Erasmus + 2014-2020 бағдарламасы, Action KA107 (Халықаралық несиелік ұтқырлық), 2019-1-IT02-KA107-061483 жобасы аясында биотехнология кафедрасының стутенттері мен басқада елдердің студенттері онлайн форматтағы халықаралық деңгейдегі байқауға қатысты. Сұхбат барысында биотехнология кафедрасынан тек 8 студент: 3 курс студенттері Жаксылыккызы Динара, Бексултан Алтынай, Сайлыгара Айсулу, Сулейменова Динара және 1 курс магистранттары: Оңдасынова Дамира, Төлеген Нұрханым, Жақсылық Мөлдир и Рымғали Айдана байқауды өте жоғары деңгейде өткізді. Олар 2021 жылдың көктемгі семестрінде Италияның Лечче қаласында оқитын 4220-5920 еуро грантын жеңіп алды.

Студенттер осы жарыстың ұйымдастырушылары мен жетекшілері А.С Баубекова мен А.С Кистаубаеваға өз ризашылықтарын білдіреді.

Қыздарға сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз! Нармуратова М.К. Доқтырбай Г.

Ары қарай оқу >>

"ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ" АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА

17.12.2020

15 желтоқсан 2020 ж. сағат 20.00 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздік күніне" арналған салтанатты іс-шара ұйымастырды.

     Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік жылдарында өз елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін, патриоттық және жауапкершілік сезімін, борыш сезімін және оның дамуына үлес қосуға деген ұмтылысты дамыту.

       "5В070100 - Биотехнология" мамандығының 1 курс студенттері "Тәуелсіздік күніне"арналған салтанатты іс-шара өткізді. Студенттер Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстанның тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы Республиканың жетістіктері, Қазақстанды әлемдік аренада тану, сондай-ақ Қазақстандағы биотехнологияның жетістіктері туралы баяндама жасап, презентация көрсетті.

         Өткізу орны: ZOOM платформасында Онлайн режимінде. Конференция идентификаторы: 875 428 5075 кіру коды: h1uvVg.

Ссылка: https://kaznukz-my.sharepoint.com/:v:/g/personal/atabaevas_kaznu_kz/Ee37fcNNnrpPp-Yjye8H7_ABx6nFh6aCqFu14ME0-mHu1g?e=VuWn6D

 

Ұйымдастырушылар: б.ғ. д., профессор С. Д. Атабаева және "5В070100"-Биотехнология мамандығының "БТ20 - 02" тобының 1 курс студенттері.

Ары қарай оқу >>

"ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ" АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАҒА ШАҚЫРАМЫЗ

13.12.2020

2020 жылдың 15 желтоқсанында сағат 20.00-де биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасы "Тәуелсіздік күніне" арналған салтанатты іс-шараға шақырады . Іс-шараның мақсаты: Патриоттық және жауапкершілік сезімін, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, парызды және оның дамуына үлес қосуға деген ұмтылысты дамыту.

Өткізу формасы: ZOOM платформасында Онлайн режимінде.

https://us04web.zoom.us/j/8754285075?pwd=M1UzSkM5am9jQ2ZBM0dzZ1dDUldqQT09

Идентификатор: 875 428 5075 Код доступа: h1uvVg Өткізу уақыты: сағат 20:00. Ұйымдастырушы-1 курс БТ 20-02 топтың эдвайзері: б.ғ. д., профессор С.Д. Атабаева.

 

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру

10.12.2020

2020 жылдың 15 желтоқсанында сағат 15:00-де гибридті форматта биотехнология кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді:оффлайн – 214 аудиторияда

  • оффлайн – 214 аудиториядa
  • онлайн – Microsoft teams платформасында 

Күн тәртібі: 

1.  PhD-докторант Б.Д. Қосалбаевтың «6D070100 – Биотехнология» мамандығы бойынша «Биотехнологияда қолданылатын цианобактериялардың активті штамдарын бөліп алу және зерттеу» диссертациялық жұмысын қорғау алды жиыны.

Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., ҚP ҰҒА-ның академигі, профессор Заядан Б.Қ.

Рецензенты: б.ғ.к., Биотехнология кафедрасының доценті Кайырманова Г.К.

б.ғ.к., Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы Ултанбекова Г.Д.

Биотехнология кафедрасы

Ары қарай оқу >>