Жаңалықтар

ҚазҰЖҒ-ның академигі, б.ғ.д., профессор Жұбанова Ажар Ахметқызымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік - ел тұғыры!» атты онлайн кездесу

30.04.2021

 

30.04.2021 жылы ҚазҰЖҒ-ның академигі, б.ғ.д., профессор Жұбанова Ажар Ахметқызымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік - ел тұғыры!» атты онлайн кездесу өтті.

Кездесу барысында Биология және биотехнология факультеті, биотехнология кафедрасының 4 курс студенттері Жұбанова Ажар Ахметқызымен сұхбат өткізді.

Кездесудің басты мақсаты: еліміздің тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту, сонымен қатар Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді әрі білікті, жан-жақты жас студенттер керек екенін түсіндіру.

Ары қарай оқу >>

Ашық тәрбие сабаққа шақыру

29.04.2021

 

Ашық тәрбие сабаққа шақыру
Құрметті оқытушылар, студенттер және магистранттар!
Сіздерді педагогикалық практика аясында Microsoft Teams платформасында өтетін «Біз болашақ жас маманбыз» тақырыбына ашық тәрбие сағатына шақырамыз. Кіру сілтемесі: https://teams.microsoft.com/l/message/19:51fc54c104134828b2546d979b162007@thread.tacv2/1619634410754?groupId=16a48598-0794-4f4c-8855-83d6d9aeec26
Күні: 30 сәуір 2021 жыл
Уақыты: 10:00
Тіл: Қазақша
Жауапты магистранттар: "Биотехнология" мамандығының 1 курс магистранттары Оңдасынова Дамира, Төлеген Нұрханым
Педагогикалық практика жетекшісі: Бауенова М. Ө.

Ары қарай оқу >>

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ РӨЛІ

09.04.2021

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ РӨЛІ
Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлері мен студенттері!
Биотехнология кафедрасы сіздерді 14 сәуір күні, сағат 11:00-де онлайн форматта өтетін «Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудағы қазақ театрларының рөлі» атауындағы тәрбиелік іс-шараның құрметті қонағы болуға шақырады.
Ұйымдастырушы: «7М05101-Ғылыми Биология» мамандығының 1 курс магистранты Идаят Нұрсәуле
Куратор-эдвайзер: Ажар Мәлікқызы
Өтетін орны: Zoom платформасы
Онлайн-трансляцияға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет:
https://us04web.zoom.us/j/8614537746?pwd=RUJlYTJYdWQ3WVlxdTJ1bzd5Y1prdz09
Идентификатор конференции: 861 453 7746
Код доступа: 9eRu9Z

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінде 7 сәуір күні студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы жоғары деңгейде өтті.

09.04.2021

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінде 7 сәуір күні студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы жоғары деңгейде өтті. Конференция ашылуында биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Заядан Болатхан Казыханұлы сөз сойлейді. Ары қарай секцияларда баяндамалар тыңдалды. Биотехнологияның қазіргі заманғы мәселелері секциясы бойынша, төраға: б.ғ.к., доцент Кистаубаева Аида Сериковна болды және секция мүшелері: б.ғ.д., профессор Карпенюк Татьяна Анатольевна, б.ғ.д., профессор Айташева Зәуре Гайнетдиновна, б.ғ.к., доцент Жумабаева Бейбиткуль Акималиевна, б.ғ.к., доцент Жунусбаева Жазира Кабуловна, б.ғ.д., профессор Мукашева Тогжан Джангелдиновна, б.ғ.к., профессор Турашева Светлана Казбековна, б.ғ.к., аға оқытушы Кайырманова Гүлжан Кайыржановна қатысты. Барлығы 14 студент баяндама жасады, оның ішінде төмендегі студенттер жүлделі орынға ие болды: I-орынды, Гизбрехт Ангелина(IV-курс); II-орынды, Шүкүрбек Мадина(IV-курс), Камалбаева Динара(IV-курс); III-орынды, Райдинова Амина(IV-курс), Сәрсенбек Балауса(IV-курс); Мырзахметова Гүлназ (IV- курс).

Авторы:Доқтырбай Г

Ары қарай оқу >>

ОНЛАЙН КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

08.04.2021

Биотехнология кафедрасы 8 сәуірде «Биотехнология» білім беру бағдарламасында оқитын 2- және 3 курс студенттері үшін онлайн-кәсіптік бағдар беру іс-шарасын ұйымдастырып өткізді. Шарада кафедра меңгерушісі А.С.Кистаубаева презентациялық материал көрсетті, онда студенттерді кафедраның оқытушылар құрамымен, ғылыми қызметімен таныстырды. Одан әрі Биотехнология кафедрасы микроорганизмдер мен өсімдіктердің биотехнологиясы, нанотехнология, биохимия, өсімдік экофизиологиясы, биоинформатика және биомедицина саласындағы мамандарды даярлауда жетекші ұжымдардың бірі болып табылады.

Әрі қарай кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қысқаша баяндамалар жасады, онда олар өздерінің ғылыми-зерттеу бағыттары мен жетістіктері туралы толығырақ ақпарат берді.

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап ала алды.

Ары қарай оқу >>

Биотехнология кафедрасының доценті Гаухар КОНУСПАЕВА UMR Selmet CIRAD-қа (Франция) шақырылған ғалым ретінде қабылданды

03.04.2021

Гаухар КОНУСПАЕВА, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті (Алматы) UMR Selmet-те Baillarguet ғимаратында 2021 жылдың 6 сәуірінен бастап 10 айға «шақырылған ғалым» ретінде қабылданады. Бұл шара MUSE «Mak'it» бағдарламасының грантымен қаржыландырып отыр. Бұл іссапар «Түйе сүтінің технологиясы мен нарықтары: ХХІ ғасырдағы тұрақты азық-түлік жүйелерінің жаңа шегі» тақырыбына арналатын болады. Сондай-ақ, 2021 жылдың қазан айында түйе сүтінің саудасы бойынша халықаралық семинар ұйымдастыруды жоспарлайтын бірнеше іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Түйе сүтін өңдеу және сипаттау бойынша UMR Qualisud және IATE серіктестіктерімен бірге атқарылатын жұмыстар жоспарлануда.

 

Онлайн газета Selmet’Infos №6, 29.03.2021

https://sway.office.com/uBR3qIO48pXXfBS6?ref=Link&loc=play

Ары қарай оқу >>