САПАЛЫ БІЛІМ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

18 сәуір 2023 жылы Биотехнология кафедрасында студенттер және магистранттармен Тұрақты даму мақсаттарының бірі "Сапалы білім беру" мәселесі талқыланды. Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу. Қоғам дамуының басты факторы сапалы білімді меңгерген білікті мамандар екені сөзсіз. Бұл бағытта елімізде білімге құштар, болашағымыздың негізін құрайтын дарынды жастарға барынша қолдау көрсетіп, әлеуетін пайдалану көздерін қарастыру керек. Әсіресе ауыл жастары арасындағы таланттарға сапалы білім алу беру тетігін айқындау, оны жүзеге асыру тәсілін белгілеу қажет деп санаймыз. Аталған мәселелерді шешу білімге құштар жандарды ынталандырып, елдің болашағы үшін аянбай қызмет ету мен даму әлеуеті өте жоғары. Осы орайда кафедрамыздың бітіруші курс студенттері Байдуллаева Асель, Бейсебек Ж., Теміржанова Д., Мәзбаева Д., Мұратбекова А. өз ой пікірлерімен бөлісіп, өз ойларын, ұсыныстарын ортаға сала білді.

Ғылыми жетекші: Доцент Нармуратова М.Х.