«Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты

 

2023 жылы 14 ақпанда Биология және биотехнология факультетінің «6B05103 – Биотехнология» мамандығының БТ 20-01к тобының 3 курс студенттері және куратор-эдвайзері Мәлік А.М. «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» тақырыбына кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты: тұрақты даму үшін бейбітсүйгіш және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлығына сот әділеттілігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, жауапкершілікті және кеңінен қатысуға негізделген мекемелер құру.

Тәрбие сағаты барысында студенттер әлемдегі адамдарға қатысты болып жатқан зорлық-зомбылық мәселесін талқылады. Көптеген елдердегі қоғамдық және заңдық әділетсіздік жайында ой бөлісті. Халықтың құқықтарын қорғау және көптеген маңызды ақпараттардың қожетімділігін қамтамасыз ету, әділ сот ісінің ұйымдастырылуы мен осал топтарды кемсітпеу туралы заңдарды қолдау сияқты іс-шардың қолға алыну керектігі, ол үшін қандай әрекеттер жасалу қажеттігі ортаға салынды. Пара беру қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі бола отыра жоғарыда аталған заттарға қалай әсер ететіндігі дәлелденді. Соғыстың, соғыс кезінде болатын адам құқықтарының бұзылуын, зорлық-зомбылықтың әсіресе балалар арасында көп болуының алдын алу үшін не істеу керектігі ұсынылып, ашық сабақты қорытындыладық.

Эдвайзер: Мәлік А.М.