"Тұрақты даму мақсаттары: Теңіз экожүйелерін сақтау"

2023 жылғы 7 ақпан сағат 14.00-де Биология және биотехнология факультетініңБиотехнология кафедрасының "6В070103 - Биотехнология" мамандығының БТ20-02тобының 3 курс студенттері және кураторы Биотехнология кафедраның профессорыАтабаева С.Д. "Тұрақты даму мақсаттары: Теңіз экожүйелерін сақтау" тақырыбыбойынша кураторлық сағат өткізді.Іс-шараның мақсаты: Әлемдегі және Қазақстандағы теңіз экожүйелерініңэкологиялық жай-күйі проблемаларын талдау, ғылымның заманауи жетістіктерінпайдалана отырып, ғылыми-практикалық тәсіл арқылы проблемаларды шешуді іздестіруүшін жауапкершілік сезімін дамыту.Студенттер Әлемдегі және Қазақстандағы теңіз экожүйелерінің экологиялықапаттарының салдарын және осы мәселені ғылыми-практикалық шешу жолдарынталқылауға арналған презентация дайындады.Дүниежүзілік мұхиттың маңыздылығы,оның оттегі көзі ретіндегі экологиялық функциялары, теңіз ресурстарының байлығы жәнежаһандық климатты реттеуші рөлі туралы айтылды. Бұл ретте климаттың өзгеруініңқолайсыз салдарын, теңіз ортасының ластануы туралы, Тынық мұхиты қоқыс дақтарыныңпайда болу проблемасы талқыланды. "Тhe Ocean Cleanup" ұйымының ауқымныңхалықаралық жобасы мұхитты қоқыстардан тазарту технологиясы туралы айтылды,Әлемдік мухитының микропластикпен ластану проблема туралы және канадалық,австралиялық ғалымдардың электролиттер мен магниттік нанотүтікшелермен тазаланутехнологиялар туралы айтылды. Қазақстанның су жүйелерінің проблемалары, Каспийтеңізінің, Балқаштың таяздануы және т. б., шешу себептері мен жолдары талқыланды. Суэкожүйелерін тазарту бойынша экологиялық мәселелерді шешудегі биотехнологтардыңміндеттері туралы айтылды.

Куратор-эдвайзер: Атабаева С.Д.