ТДМ 2. Аштықты жою - "Агроөнеркәсіптік кешенді тиімді дамыту" атты тәрбие іс-шарасы (пікірталас)

2023 жылғы 07 қарашада сағат 12.00-де БАЗ-2 ГУК – 6-да х.ғ. д., профессор Шоинбекова С. А. "06В05103-Биотехнология" мамандығының 3 курс студенттерімен «Агроөнеркәсіптік кешенді тиімді дамыту» тақырыбында тәрбие іс-шарасын (пікірталас) өткізді. Іс – шара ТДМ 2 – Аштықты жою бойынша биология және биотехнология факультетінің Жол картасының кестесіне сәйкес өткізілді. Іс-шараны х. ғ. д., профессор Шоинбекова С.А. кіріспе сөзбен бастады. Әрі қарай студенттердің баяндамалары келесі тақырыптар бойынша тыңдалды: «Аштық проблемасы, оны шешу ізденістері!, «АӨК мүмкіндіктері мен проблемалары, АӨК аштықты жою проблемасын шешудегі рөлі», «Аштықты жою проблемаларын шешудегі биотехнологияның үлесі». Студенттер агроөнеркәсіптік кешеннің, биотехнологияның даму перспективаларын үлкен қызығушылықпен талқылады, қазіргі кездегі осы салалардағы проблемаларды атап өтті, таза су тапшылығы проблемасын, ГМО, өсімдіктердің химиялық қорғаныс құралдарын құру мен қолданудың орындылығын және т.б. мәселелерді талқылады.  Студенттер өзгерісті кішкентайдан - өзімізден бастау керек екенін атап өтті, яғни суға, қоршаған ортаға, тамақ өнімдеріне, тамақ қалдықтарын кәдеге жаратуға ұқыпты және ұтымды қарау керек. Студенттер бұл іс-шараны дайындауға және өткізуге өте үлкен жауапкершілікпен қарады: баяндамалар мен презентациялар сауатты дайындалған, әдебиеттермен белсенді жұмыс жасағаны көрініп тұр, плакаттар жасалды, бұл студенттердің жоғары кәсіби деңгейін, жеке қасиеттері мен патриотизмін көрсетті.