«Таза су және санитария»

2023 жылғы 9 ақпан сағат 14.00-де Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының «6В070103 – Биотехнология» мамандығының БТ 20-01к тобының 3 курс студенттері және кураторы М.А.Мәлікқызы «Таза су және санитария» тақырыбы бойынша кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты: қауіпсіз су ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлығына арналған санитарлық жағдайлар туралы, сонымен қатар қазіргі уақыттағы су тапшылығы мәселелерін талдап, оның болашағы мен алдын алу шараларын қарастыру. Таза судың тапшылығынан болатын аурулар мен оны емдеу жолдарын талдау.

Студенттер қазіргі уақыттағы негізгі мәселелердің бірі таза судың ластануы, оның салдарынан туындайтын аурулар мен алдын ала шаралары тақырыбында презентация дайындады. Презентация бойынша судың тапшылығы жылдан жылға артып келе жатқандығы және оның алдын алу шаралары ретінде негізгі мәселелер талқыланды. Гигиеналық талаптар сақталмаған жағдайда, яғни күнделікті лас судың қолданысынан күніне 800 ден астам балалар диареялық аурулардан қаза табуда. Дүние жүзі бойынша жылына бұл көрсеткіш 2 миллионнан аса шаманы құрайды. Оның себебі жеткіліксіз гигиена деңгейі және қауіпсіз су ресурстарының болмауы. Осындай мәселелерді шешу жолдары мен алдын алу шаралары қарастырылды.