ТДМ 3. ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ӘЛ-АУҚАТ шеңберінде "Ана өлімі мен жаңа туған нәрестелер өлімін азайту" тақырыбындағы дөңгелек үстел

2024 жылғы 28 ақпанда Биотехнология кафедрасында аға оқытушы А.А. Өмірбекова 7M05109 Биотехнология және 7М05116 Микробиология білім беру бағдарламаларының магистранттарымен бірлесіп ТДМ 3. ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ӘЛ-АУҚАТ шеңберінде "Ана өлімі мен жаңа туған нәрестелер өлімін азайту" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты магистранттарды тиімділігі дәлелденген заманауи тәсілдерді енгізу арқылы ана мен бала өлімін азайтуға бағытталған бағдарламамен таныстыру болды. Өлім-жітімді төмендетуге бағытталған мәселелер, атап айтқанда Қазақстан Республикасындағы ана мен бала өлімін азайту жөніндегі бағдарлама және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы талқыланды.

ҚР-дағы өлім-жітімнің ағымдағы жай-күйін көрсететін презентация ұсынылды. "Ана өлімі Денсаулық сақтау жүйесі жағдайының сезімтал көрсеткіштерінің бірі болып табылады. 2000 жылдан бастап әлемде МС көрсеткішінің жеделдетілген төмендеуінің жоғары қарқыны байқалды, жылына 5,5%, ҚР-да 6,2%. ҚР-дағы динамикада соңғы 10 жылда МС 2,4 есеге төмендеді (2009 жылы 100 мың тірі туылғанға шаққанда 36,8-ден 2019 жылы 13,7-ге дейін)". Сонымен қатар, COVID 19 пандемиясы кезінде ана өлімінің 3 есе артуы байқалды.