"Мықты денсаулық- сапалы өмір кепілі"

2023 жылғы 14 ақпан сағат 14.00-де Биология және биотехнология факультетініңБиотехнология кафедрасының "6В070103 - Биотехнология" мамандығының БТ20-01тобының 3 курс студенттері және кураторы Биотехнология кафедраның оқытушысыМәлік А.М "Мықты денсаулық- сапалы өмір кепілі" тақырыбы бойынша кураторлық сағатөткізді.Іс-шараның мақсаты: Әлемдегі кездесетін ауру түрлерінің иммунитеттің төмендеусалдарынан болатынын түсіндіру, өсіп келе жатқан жас ұрпақты денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтануға және спортпен айналысуға шақыру.Студенттер Әлемдегі және Қазақстандағы халықтың қант диабетімен күресуітуралы ойларын айтып осы тақырыпта презентация дайындап келді. Олар қазіргідиабеттің өршуі туралы және олардың асқан семіздіктен болып жатқанын көрсетті. Қазіргікезде фаст-фуд және көптеген тағамдық қоспалар мен транс майлар ағзада жинақталуынанкөптеген аурулар пайда болады. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанып, спортпеншұғылдану қажет. Спортпен айналысқан адамның ерік-жігері мықты және стресске көптүспейді. Иммунитет мықты болса-денсаулық мықты, денсаулықтың мықты болуы-саналы ұрпақ пен сапалы өмірдің кепілі.