ТДМ 2. "Біз не жейміз және содан тұрамыз"

 

6 желтоқсан 2023 ж. биотехнология кафедрасының оқытушылары б.ғ.д., профессор Карпенюк Т.А., б.ғ.к., доцент Гончарова А.В. (1 курс магистранттары Беккулиева Д.А., Нұрхожаева Л.М. қатысуымен) «Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттерімен «Біз не жейміз және одан тұрамыз» тақырыбында кездесу өткізді. Тамақтану адамның денсаулығын, қалыпты өсуі мен дамуын, физикалық және психикалық өнімділігін, өмір сүру ұзақтығын, ағзаның ауруларға және қоршаған ортаның зиянды факторларына төзімділігін анықтайтын негізгі экологиялық факторлардың бірі болып табылады.

Кездесу барысында дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары, салауатты тамақтанудың адам денсаулығына әсері, семіздік және 2 типті қант диабеті сияқты аурулардың алдын алу үшін дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстыру және енгізу интерактивті ойын форматында және презентация арқылы талқыланды. Сондай-ақ азық-түлік тапшылығы, азық-түлік қалдықтарының көбеюі, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері және аштықпен күресу шаралары қарастырылды.