Жаңалықтар

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейбітшілікті қолдаймыз!"

28.03.2021

"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейбітшілікті қолдаймыз" тақырыбында НИШ 1-курс студенттеріне слайд көрсетіліп, соңында студенттер осы тақырып бойынша өз ойларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендіктерін білдірін пікірлерін айтты.Эвайзер: Доқтырбай Г.

Ары қарай оқу >>

Микробиологиялық кеңес өндіріске

27.03.2021

«Arba wine» шарап зауытының мамандары үшін Қайырманова Г.К. («Экология мәселелері» ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері) «Спонтанды ашытуының микробиологиясы» атты кеңес-семинары өткізілді, «29.09.2020 ж.

Ары қарай оқу >>

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ ЗАЯДАН БОЛАТХАН КАЗЫХАНҰЛЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ "БІРЛІК" АЛТЫН МЕДАЛІМЕН НАГРАДТАЛДЫ

09.03.2021

Бүгін университеттің Ғылыми кеңес мәжілісінде Биология және биотехнология факультетінің деканы, Биотехнология кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі Заядан Болатхан Казыханұлы Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" алтын медалімен наградталды.

Құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

11.02.2021

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультетінің деканы

Заядан Болатхан Қазыханұлының 60 жылдық мерейтойына арналған

«Қоршаған орта биотехнологиясы және биоэнергетиканың аспектілері мен инновациялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға  

ШАҚЫРАМЫЗ.

 

12 ақпан 2021 ж., сағат 10:00 (GMT+6, Алматы уақыты бойынша),

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің “әл-Фараби кітапханасы”,

4-этаж, №3 мәжіліс залы және онлайн (ZOOM).

 

Zoom конференциясына қосылу бойынша сілтеме

https://us02web.zoom.us/j/89596430981?pwd=cjhWOWFiWXg2cUhnT3pYVk5UUmZiUT09

Конференцияның идентификаторы: 895 9643 0981

Кіру коды: 12345

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ-ДА ЖАЛАҚЫ 20 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

11.02.2021

ҚазҰУ Басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев бүгін оқу ордасындағы барлық қызметкерлердің жалақысын 20 пайызға өсіру туралы бұйрыққа қол қойды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметке жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын арттыру мәселесін қарауды тапсырған болатын.

Осыған сәйкес, ҚазҰУ Басқарма төрағасы-ректор қызметіне кіріскен Жансейіт Түймебаев шұғыл шешуді талап ететін бірінші кезектегі мәселе ретінде оқытушылар мен қызметкерлердің жалақысын көтеруді қарастырып, барлық қызметкердің жалақысын 20 пайызға көтеру туралы жедел шешім қабылдады.

Бұл шара қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға және олардың әл-ауқатын жақсартуға, сондай-ақ оқытушы мамандығының беделін арттыруға бағытталған.

 

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ БАСШЫЛЫҒЫНА ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

10.02.2021

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымына университеттің жаңа басшысы Жансейіт Түймебаевты таныстырды.   

Жоғары оқу орны ұжымы алдында сөз сөйлеген министр конкурстық негізде Республикалық комиссия «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы-ректоры лауазымына Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты тағайындауға ұсыныс білдіргенін хабарлады.  

Жаңа ректорды таныстырған министр Жансейіт Қансейітұлының филология ғылымдарының докторы, профессор, университет түлегі басшылық қызметте тәжірибесі мол екендігін, әр жылдары ҚР Білім және ғылым министрі, елші, облыс әкімі, соңғы уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі болғанын атап өтті.

Асхат Аймағамбетов жаңа ректордың жұмысына табыс тілеп, университет алдағы уақытта да қарқынды дамып, жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыра түсетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Жансейіт Түймебаев еліміздің жетекші университетін басқару үлкен құрмет пен сенім әрі жауапкершілік екеніне тоқталды. Ең бірінші кезекте білім беру сапасына және оқытушылардың жалақысын арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға, білім алушылар үшін қолайлы жағдай жасау мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге басымдық берілетінін жеткізді. Зерттеу қызметін дамыту, ғылыми әзірлемелерді нақты өндіріске енгізу маңызды міндет болып табылатынына да басымдық берді.

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

ӘЛЕМДІК ЖЕТІСТІКТЕРДІҢ ОНЖЫЛДЫҒЫ

09.02.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің отырысында жоғары мектептің көрнекті топ-менеджері және белгілі ғалым Ғалым Мұтановтың басшылығымен он жылдық кезеңдегі университет қызметінің қорытындылары туралы есебі өтті. Осы жылдар ішінде ҚазҰУ-дың дамуы ҚР Президентінің әлемнің үздік топ-200 университеттерінің қатаруына кіруі бойынша қойған басты мақсатымен байланысты болды.

Ары қарай оқу >>

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

08.02.2021

АСА ҚҰРМЕТТІ БОЛАТХАН ҚАЗЫХАНҰЛЫ!

Сізді  60 жас мерейтойыңызбен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

Биотехнология кафедрасының ұжымы құттықтайды!

Сіз, биология ғылымының көрнекті өкілі ретінде 2001 жылдан бастап еңбек жолын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тығыз байланыстырып,  2011 жылы биотехнология кафедрасының меңгерушісі, 2015 жылы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің деканы қызметіне тағайындалып, бүгінгі күнге дейін осы қызметте табысты еңбек етіп келесіз.

Болатхан Қазыханұлы өзінің ғылыми жолында 5 монография, көптеген оқу құралдары, барлығы 400-ден астам ғылыми жұмыстар – сіздің қажырлы еңбегіңіздің жемісі деп білеміз. Сіздің жетекшілігіңізбен жоғары білікті кадрлар - 6 кандидаттық және 9 PhD докторлық диссертациялар қорғалды. Сонымен қатар биология ғылымдарын дамытуға үлес қосып, ғылыми әдістемелік ұсыныстар әзірлеуге ат салысып жүрген ғалымдардың бірісіз.

 Сіздің жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, білікті маман, тәжірибесі мол жетекші ретіндегі абзал қасиеттеріңізбен ерекшеленесіз. Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін үлгі екендігіңіз даусыз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған ғылым саласын дамытуға, факультетімізді дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңіздің арқасында, жастарға ұлағатты ұстазсыз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.!

Ары қарай оқу >>

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ОЛИМПИАДАСЫ

04.02.2021

Құрметті студенттер !!!

Сіздерді «Биология» және «Биотехнология» мамандықтары бойынша Республикалық студенттер олимпиадасының (РСПО) университетішілік кезеңіне қатысуға шақырамыз.

Олимпиаданың 1-кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттерүш адамнан тұратын командалар құрамында РСПО-ның 2-кезеңіне қатысуға жіберіледі.

3 және 4 - курс студенттері және НИШ мамандықтары бойынша  3-курс студенттері қатысаалады. Қатысу тілі - қазақ, орыс, ағылшын.

Қазақстанның алдыңғы республикалық олимпиадаларының жүлдегерлеріне қатысуға жіберілмейді.

Қатысуға өтінімдерді 8 ақпанға дейін anel.omirbekova@kaznu.kz (биотехнология мамандығы) және g96-17@mail.ru (биология мамандығы) электронды мекен-жайларына жіберу керек. 

Өтінімде келесі мәліметтер болуы керек: қатысушының толық аты-жөні, мамандығы, коды, курс, оқыту тілі, байланыс ақпараты (телефон, электрондық пошта)

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биотехнология кафедрасының ұжымы мен Жану проблемалары институты ҚР ҰҒА академигі З.А. Мансұровтың редакциясымен монография жарыққа шығарды.

01.02.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биотехнология кафедрасының ұжымы мен Жану проблемалары институты ҚР ҰҒА академигі З.А. Мансұровтың редакциясымен монография жарыққа шығарды.

Монография көпфункционалды сорбенттерді наноқұрылымды көміртекпен синтездеудің соңғы жетістіктеріне арналған және фусикоксин қосылыстары ісікке қарсы агенттер, энтеро- және вулнеросорбция, қанды тазарту сияқты тақырыптарды қамтиды. Монография ғалымдар, ғылыми-техникалық қызметкерлер мен химия өндірісінің мамандарына, сонымен қатар химия, физика және биология ғылымдарының магистранттары мен докторанттарына арналған.

Ары қарай оқу >>