“Аштықты жою”

2023 жылғы 15 ақпан сағат 14:00-де Биология және битехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының 6В060103-Биотехнология мамандығының БТ-20.01 тобының 3-курс студенттері және кураторы Биотехнология кафедрасының оқытушысы Мәлік А.М “Аштықты жою” тақырыбы бойынша кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Әлемде болып жатқан аштықтың, азық-түлік жетіспеу мәселелерін талдау, ғылымның заманауи жетістіктерін пайдалана отырып, осы аталған мәселелерді шешу жолдарын қарастыру.

Студенттер Әлемдегі азық-түліктің жетспеуі, бұл мәселені шешу жолында қандай іс-әрекеттер жасалынуы қажеттелігіне байланысты презентация дайындады. Бұл мәселе елімізде қатты өршіп тұрмаса да, көптеген мемлекеттер осы жағдаймен күресуде. Әлемдік азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы қажетті шараларды қабылдауға шақырады. Олар халықтың осал топтары үшін азық-түлікке деген шұғыл қажеттіліктерді қанағаттандыру, әлеуметтік қорғау бағдарламаларын күшейту, жаһандық азық-түлік саудасын жүргізуді жалғастыру, шағын фермерлерге азық-түлік өндірісін ұлғайтуда көмек қолын созу. Студенттер осы мәселені болдырмау үшін және шешу жолында биотехнологияның қандай қосар үлесі бар деген сұрақты талқылады. Биотехнологиялық жолмен көптеген қажетті өнімдердің маңыздылығы жайлы пікір алматы.