Биология және биотехнология факультетінің түлектерімен кездесу

4 наурыз 2024 ж. биотехнология кафедрасының доценті Қайырманова Г.К. «Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттеріне Биология және биотехнология факультетінің бакалавриат оқу бағдарламасының түлектерімен кездесу өткізді.

ҚазҰУ-нің «Биотехнология» мамандығының 2 курс магистранттары және ғылыми жобалардың қызметкерлері: Абитбекова Аэлина – «Экология мәселелері» ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері, Асылбек Әлішер (ЖШС «Микроорганизімдердің Республикалық Коллекциясының» кіші ғылыми қызметкері). Студенттерді ғылыми зертханаларымен таныстырып, жұмыстарына сипаттама берді. Биотехнология саласын бітірген түлектерде қандай бағытта жұмыс істеу мүмкіндіктері бар, сонымен қатар магистратураға түсу мәселелері мен ұсынылған мамандықтары туралы ақпарат берді.