ТДМ 6."Таза су және санитария" аясында "Судыңда сұрауы бар" атты дөңгелек үстел

31 қаңтар 2024 ж. Биотехнология кафедрасының оқытушылары б.ғ.к. Сыдыкбекова Р.К., б.ғ.к., доцент Бержанова Р.Ж. «Биотехнология» және «Микробиология» мамандықтарының студенттерімен «Судыңда сұрауы бар» тақырыбында бүкіл әлемде өзекті ТДМ бойынша студенттерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттерге су ресурстарын дұрыс пайдалану және оның тазалығын сақтау тәсілдері бойынша айтылды және студенттер өз ойларын айтты жан-жақты мәліметтермен толықтырды.