«Дұрыс тамақтану – өмір салты» тақырыбы бойынша студенттермен пікірталас семинары

2023 жылғы 23 қарашада профессор Атамбаева Ш.А. және доцент Болатхан К. өз өміріңізге спорт элементтерін және дұрыс тамақтану әдеттерін енгізу қажеттілігін түсіну үшін «Дұрыс тамақтану – өмір салты» тақырыбында пікірталас семинарын өткіздік. Жүрек-қан тамырлары ауруларының профилактикаға басты назар аударылды, өйткені бүкіл әлемде XXI ғасырда жүрек-қан тамыр аурулары сырқаттану, мүгедектік және өлім-жітім себептерінің арасында бірінші орында тұр.

Іс-шара мақсаты - студенттерді салауатты өмір салтының негізгі критерийлерімен таныстыру. 

Жүрек-қан тамыр аурулары әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда денсаулық сақтаудың ең өзекті мәселесі болып қала береді.

Жүрек- қан тамыр ауруларының дамуы өмір салты мен тамақтанумен тығыз байланысты. Бұл семинарда жүрек-қан тамыр ауруларының профилактика үшін тамақтанудың негізгі қағидалары талқыланды.