ТДМ 7. «Арзан және таза энергия» аясында «Биогаз-табиғи энергия көзі» тақырыбындағы кураторлық сағат

18 желтосан, сағат 14.00-де "Биотехнология" мамандығының 4 курс студенттері куратор С.Д. Атабаевамен ТДМ 7. «Арзан және таза энергия» тақырыбы бойынша «Биогаз-табиғи энергия көзі» тақырыбы бойынша  кураторлық сағат  өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Бюджет жүктемесін азайту және ауыл шаруашылығының беделін арттыру үшін оларды энергияға және отынға толық өңдеуге мүмкіндік беретін баламалы энергия көзі ретінде биогаз өндірісін негіздеу. Жас биотехнологтардың баламалы энергия көздерін алу үшін жаңа технологияларды әзірлеуге деген ұмтылысын қалыптастыру

Студенттер презентация дайындады.  Презентацияда биогаз алу технологиясын сиппатталды. Биогазды қолдануының артықшылары көрсетілді. Биогаздың пайда болуы, атмосфераға метанның көптеп шығарылуын азайтады. Метан парниктік эффектке СО2  қарағанда көп кері әсерін тигізеді және атмосферада 12 жылға дейін сақталады. Метанды биогаз өндеуде пайдалану, ғаламдық жылынудың алдын алудың бір жолы болып табылады.  Ауыл шаруашылық өнімдерін өндеу, оларды тыңайтқыштар ретінде қолдану, жер асты суларына жүк түсірмейді.