ҚазҰУ қалашығына тағы 120 қарағай отырғызылды
17.04.2021Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде экологиялық сенбілік ұйымдастырылып, оқу ордасының басшысы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Ағаштар аллеясына» 120 қырым қарағайы отырғызылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде экологиялық сенбілік ұйымдастырылып, оқу ордасының басшысы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Ағаштар аллеясына» 120 қырым қарағайы отырғызылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық актілерге ғылыми сараптамалар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының кезекті отырысында – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған университеттің «Отыз жылдыққа – отыз апталық» жол картасын жүзеге асыру, 2020-2021 оқу жылындағы индикативтік көрсеткіштердің орындалуы және оқытушы-профессорлар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің 2021-2022 оқу жылындағы бос жұмыс орындарына жарияланған байқау туралы мәселелер қаралды.
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры Ж.Қ.Түймебаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Ақылды ұрпақ» жоба аясында және Ғылым күніне байланысты университеттің жас ғалымдарымен онлайн кездесу өткізіп, ғылыми-инновациялық қызметін дамыту жөніндегі олардың ұсыныстары мен идеяларын тыңдады. Кездесуге 200-ден астам жас ғалымдар қатысты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS, THE, ARES сияқты ең беделді халықаралық рейтингтерге қатысады. Оның нәтижесі бойынша университет қазақстандық жоғары оқу орындары арасында талассыз көшбасшы болып табылады.
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқу ордасының қабырғасында ұйымдастырылған жас ғалымдардың жетістіктеріне арналған инновациялық жобалар көрмесімен танысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ғылым күніне орай университеттің жетекші ғалымдарымен онлайн кездесті. ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызметін одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылған жүздесу ғылым мен технологияның басым бағыттарын талқылауға арналды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде онлайн форматта өткен Ғылым қызметкерлері күніне арналған ғылыми кеңесте университеттің бірқатар ұстаздары Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, оқу орнының медальдарымен және ректордың Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығында Ғылым қызметкерлері күніне орай Сиверс алма ағашының көшеттері отырғызылды. Игілікті шара экологиялық «ECOJER» қауымдастығы және «Alma Qala» азаматтық бастама қозғалысымен бірлесіп жүзеге асырылды.