ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК: ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТІРЕК

17 сәуір 2023 жылы Биотехнология кафедрасында студенттер және магистранттармен Тұрақты даму мақсаттарының бірі "Гендерлік теңдік" мәселесі талқыланды. Гендерлiк саясаттың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн қамтамасыз етуге негізделген. Қазақстандағы гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша кешенді бағдарламалар дайындауға қол жеткізу. Жалпы алғанда экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктер беру, өз бизнесін дамыту және қызмет бойынша өсу, білім беру саласында гендерлік білімді енгізу, өмір сапасын арттыру және тұрғындардың ұдайы өсімін қамтамасыз ету үшін жасөспірімдер мен әйелдердің, ерлердің репродуктивтік денсаулығын  нығайту мен сақтау, жынысына қарай зорлық-зомбылық көрсетпей, отбасындағы міндеттер мен құқықтарды тең дәрежеде жүзеге асыру міндеті қойылады. Аталған мәселелерді шешу үшін бір жағынан отбасыны сақтап қалуға зор көмегін тигізіп отыр және оның даму әлеуеті өте жоғары. Осы орайда кафедрамыздың бітіруші курс студенттері Байдуллаева Асель, Бейсебек Ж., Теміржанова Д., Мәзбаева Д., Мұратбекова А. өз ой пікірлерімен бөлісіп, өз ойларын, ұсыныстарын ортаға сала білді.

Ғылыми жетекші: Доцент Нармуратова М.Х.