Жаңалықтар

Халықаралық конференцияға механика-математика факультетінің ғалымдары қатысты

28.02.2024

28-29 ақпанда Халықаралық инженерлік және технологиялар университетінің қабырғасында «Инженерлік және технологиялық білім берудегі жасанды интеллект (AIETE-2024)» халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы өтті. 

Ары қарай оқу >>

«Жақсылық іздеп жүрмін!...»

28.02.2024

«Жақсылық іздеп жүрмін!...». 28.02.2024 күні Қызыл залда университеттің және мехматтың ОПҚ мен студенттерінің белгілі ақын, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының иегері, ҚР Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, Сәуле Досжановамен «Жақсылық іздеп жүрмін!...» атты әдеби-танымдық кездесу-кеші өтті.

Ары қарай оқу >>

АЛГАРВЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ҚАЗҰУ-ДА

27.02.2024

Алгарве Университетінің профессоры, PhD H.B. de Oliveira (Португалия) AP19676624 "Біртекті және біртекті емес ньютондық емес сұйықтықтардың қозғалысын сипаттайтын Навье-Стокс-Фойгт моделдері" ғылыми жобасы аясында 19-24  ақпан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінінде іс-сапарда болды.

Ары қарай оқу >>

ЖАС ҒАЛЫМДАРЫМЫЗ БІР АЙЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ОРАЛДЫ

27.02.2024

15-қаңтар мен 14-ақпан аралығында Франциядағы Пуатье Университетінің шақыртуымен механика – математика факультетінің докторанттары – Шәкір Айдос пен Мухамбеткалиев Мурат шетелдік зерттеу тағылымдамасынан өтіп келді.

Ары қарай оқу >>

Орнықты даму мақсаттары. “Идеядан бизнеске”!

23.02.2024

Педагогикалық практика аясында “Механика” кафедрасының 1 курс доктаранттары Студенттік кәсіпкерліктің халықаралық қауымдастығының бизнес өкілдерін шақырта отырып, Орнықты даму үшін білім беруді жүзеге асыру мақсатында “Идеядан бизнеске” атты семинар ұйымдастырды. Семинарда бизнес өкілдері Абдыкалыков Нұрым және Болтаев Дидар, механика-математика факультетінің 1 курс студенттеріне қазіргі бизнестің түрлері мен оны ашу мәселелері туралы түсінік берді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Механика-математика факультетіне Цукуба университетінің профессоры САКУРАЙ ТАКЕАКИ келді.

22.02.2024

2024 жылдың 22 ақпанында Цукуба университетінің профессоры САКУРАЙ ТАКЕАКИ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде болды. Профессордың сапарының мақсаты – Кампус жобасының Директорлар кеңесінің 10-шы отырысын кампуста өткізуге факультеттердің дайындығын көру және зерттеу.

Ары қарай оқу >>

Жас болдым, ғашық болдым, жалындадым!.

21.02.2024

Жас болдым, ғашық болдым, жалындадым!...». 2024 ж. 21 ақпан күні мехматтың Ө.А.Жолдасбеков атындағы Қызыл залында ҚазҰУ студент жастары мен оқытушы-қызметкерлерінің көрнекті ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері,  ҚЖО Поэзия кеңесінің төрағасы Әділғазы Қайырбековпен «Жас болдым, ғашық болдым, жалындадым!...» атты әдеби-танымдық кездесу кеші өтті.

Ары қарай оқу >>

Механика- математика факультетінде Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасы мен заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы бірігіп әзірлеген «Өз құқыңды білесің бе, студент?» атты пікірталас өтті.

19.02.2024

«Өз құқыңды білесің бе, студент?». 19 ақпан күні механика-математика факультетінде Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасымен заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы бірігіп әзірлеген «Өз құқыңды білесің бе, студент?» атты пікірталас өтті.

Ары қарай оқу >>

2024 ЖЫЛҒЫ 14 АҚПАНДА ҚАЗҰУ МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНДЕ. ӘЛ-ФАРАБИ "ҚОЛДАНБАЛЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ МАТЕМАТИКАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ" АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРДЫҢ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ.

14.02.2024

2024 жылғы 14 ақпанда ҚазҰУ механика-математика факультетінде. әл-Фараби "Қолданбалы және есептеу математикасының заманауи мәселелері" атты қалалық ғылыми семинардың екінші отырысын өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Жас дәурен, қандай сұлу едің, шіркін!...»

14.02.2024

«Жас дәурен, қандай сұлу едің, шіркін!...». 2024 ж. 14 ақпан күні Механика-математика факультетінің оқытушы-профессорларының және студенттерінің Қ.Аманжолов атындағы шығармашылық бірлестігі мен механика кафедрасының ұйымдастыруымен Ө.А.Жолдасбеков атындағы Қызыл залда белгілі жазушы, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Мемлекеттiк «Дарын», Қазақстан Жастар одағы, Қазақстан Журналистер одағының Смағұл Садуақасов атындағы сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Нұржан Қуантайұлымен ҚазҰУ студенттері мен қызметкерлерінің «Жас дәурен, қандай сұлу едің, шіркін!...» атты әдеби-танымдық  кездесу кеші өтті.

Ары қарай оқу >>