Халықаралық конференцияға механика-математика факультетінің ғалымдары қатысты

28.02.2024

Көрулер: 166

28-29 ақпанда Халықаралық инженерлік және технологиялар университетінің қабырғасында «Инженерлік және технологиялық білім берудегі жасанды интеллект (AIETE-2024)» халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы өтті. Осы конференцияда механика-математика факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Досжан Н.С. қатысып, «Жұлдыздардағы спутниктердің қозғалысын басқару алгоритмдерін құру» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, «Есептеу ғылымдары және статистика» кафедрасының докторанты Тамабай Д. «Жасанды интеллект әдістерін қолдану арқылы қала ауасының ластануының халық денсаулығына кері әсерін бағалау» атты баяндама жасады. Бұл конференцияға түрлі отандық және шетелдік университеттердің ғалымдарынан басқа, Bugin Group, CEO Axellero.io, Jusan Bank, IPGF және т.б. компаниялардың өкілдері белсенді қатысты.Нәтижелері бойынша, одан әрі енгізу және дамыту жолдары. бірлескен жобалар талқыланды.