Студенттік өмір

Іс-шара атауы Өткізілген мерзімі Сипаттамасы  
Тіл - халық жаны 26.09.2017 «Тіл - тірегіміз, тоқтап тұрған - жүрегіміз» атты іс-шара факультет деңгейінде тілдер күніне арналған.
Орын және уақыты: механика және математика факультетінің Қызыл залы, сағат 17:00
Ұйымдастырушылар: Информатика кафедрасының 1 курс эдвайзерлері
2016 жылы қаңтардың 12-13 жұлдыздарында механика-математика факультетінің ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін «Жас оқытушылар мектебінің» семинары өткізілді 12-13 қаңтар 2016 ж.

 


Семинарды факультет деканы, ф.-м.ғ.д., профессор М.А. Бектемесов салтанатты түрде ашты. Семинарға университеттің әдістемелік бөлімінің жоғары категориялы маманы Омарбекова Жұмагүл Қадыровна қатысты.

Семинарда Қазақстанға белгілі ғалымдар мен факультеттің белсенді оқытушылары баяндамалар жасады. Сонымен қатар, факультет басшысының шақыртуымен педагогика ғылымдарының кандидаты Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкері Берікханова Айман Еженхановна келіп жас оқытушыларға педагогикалық бағытта әр түрлі қызықты ойындар мен тренинг өткізді. Семинарға қатысқан оқытушылар осы семинардан алған тәлім-тәжірибелері өздерінің сабақ өту барысында үлкен көмегін тигізетінін айтып, баяндамашыларға үлкен алғыстарын білдірді.

 
"Спектральная теория линейных операторов и ее приложения" тақырыбында қалалық семинар 27 қараша 2014ж. 27 қараша 2014ж. сағат 15.15-те 213 ауд. «Іргелі математика» кафедрасының "Спектральная теория линейных операторов и ее приложения" тақырыбында қалалақ семинар өтті. (Жауаптылар: академик, ф.-м.ғ.д. Кальменов Т.Ш., профессор, ф.-м.ғ.д. Кангужин Б.Е., профессор, ф.-м.ғ.д. Садыбеков М.А.)

ТАҚЫРЫБЫ:"Спектральные свойства корректных сужений и расширений"

БАЯНДАМАШЫ:Бияров Базархан Нуролдинович (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің доценті)

ТАҚЫРЫБЫ:"О ПРЕДЕЛЬНОЙ ПОГРЕШНОСТИ НЕТОЧНОЙ ИНФОРМАЦИИ ПРИ ОПТИМАЛЬНОМ ВОССТАНОВЛЕНИИ"

БАЯНДАМАШЫ:Таугынбаева Г.Е. (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ)

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздік күніне арналып «Желтоқсан – жаңа тарих желкені»атты шығармашылық кездесу кеші өтті

2 желтоқсан

2014 ж.

 


2014 ж. 2-желтоқсан күні механика-математика факультетінің Қызыл залында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздік күніне арналып «Желтоқсан – жаңа тарих желкені»атты шығармашылық кездесу кеші өтті.

Жүздесудің басты кейіпкері – Желтоқсан оқиғасына қатысушы, журналистика факультетінің түлегі, ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты; ҚР Жазушылар одағының Шақшақ Жәнібекке арналған жыр мүшайрасының жеңімпазы, республикалық жыраулар байқауының, Бішкек қаласында өткен халықаралық ақындар айтысының жүлдегері, «Жаралы желтоқсан» және т.б. жыр жинақтарының авторы – Аманғазы Кәріпжанәулеті.

Жас таланттар өнер көрсетті.

Ұйымдастырушы – Ақпараттық жүйелер кафедрасы.

«100 кітап» жобасы аясында

«Абай мұрасы – қастерлеп қадірлейтін асыл қазына»

атты Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысу барысында пікір алмасу кеші өтті.

17 ақпан

2015ж


«100 кітап» жобасы аясында2015жылдың 17-ақпанда сағат 1230-демеханика-математика факультетінің 419 аудиторияда

«Абай мұрасы – қастерлеп қадірлейтін асыл қазына»

атты Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысу барысында пікір алмасу кеші өтті.

Ұйымдастырушылар "Іргелі математика кафедрасы"

Мамаева В.А., Кушербаева У.Р., Таласбаева Ж.Т., Тлеулесова А.М.

«Грин кампус» жобасы бойынша "Қоршаған орта мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 19 ақпан 2015 ж

 

 

Механика-математика факультетінің механика кафедрасы «Грин кампус» жобасы бойынша "Қоршаған орта мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Өткізілген орны:№116 ауд.

Өткізілген уақыты:19 ақпан 2015 жылы, сағат 17.00

Ұйымдастырушылар:Ж.М.Омиржанова, М.Б.Елгондина, Н.Қалиева, А.Исмаилова, магистрлер: М.Байсеркенов, М.Жумалиллаев, 2 курс қ.б. "механика" мамандығының студенттері.

«Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша механика кафедрасы «Көмек қолын соз!» тақырыбы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық іс-шарасы 17 наурыз 2015 ж «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша механика кафедрасы «Көмек қолын соз!» тақырыбы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Өткізілген орны:Каскелен, Қонаев көшесі.

Өткізілген уақыты:17 наурыз 2015 жыл, сағ. 14.00

Ұйымдастырушылар:Проф. ұйым «Парасат», механика кафедрасы, доцент Елгондина М.Б., оқытушы. Ногайбаева М.О., "механика" кафедрасының студенттері.

Механика - математика факультетінің Қызыл залында "Жаныңда жүр жақсы адам" атты поэзия кеші өтті.

11 сәуір

2015ж

11.04 2015 ж механика - математика факультетінің Қызыл залында "Жаныңда жүр жақсы адам" атты поэзия кеші өтті. Кеш қонақтары қазақ ақындары - Халықаралық "da Қазақстан" журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі Саят Қамшыгер. Ұйымдастырушы Туралина Д.Е. және 1 курс магистранты Сапарова Мөлдір. Қатысқандар: Б.Бекбауов., Бекетауов Б.,Ногайбаева М., Ералиев А.